Видео

Шекарада мигранттардың тамаққа таласы видеоға түсіп қалды

Жазылу
Польша мен Беларусь шекарасындағы босқындар лагеріндегі жағдай ушығып барады. БҰҰ қызметкерлері ас-су таратқан кезде мигранттар бірінің үстіне бірі шыға жаздады

Мигранттардың бірі волонтерлердің қолынан азық-түлікті өз бетінше алып қойған талас-тартысқа алып келгені виодеда көрініп тұр.

Осы оқиғаның салдарынан әйел адам зардап шегіп, оны топ ортасынан алып шығып, тиісті көмек көрсетті.

Бір тәулік ішінде 18 адамға медициналық көмек қажет болған. Жедел жәрдем бригадасы босқындар орналасқан аумаққа 20 рет келген.

Ауа райы жағдайды одан бетер ушықтырып отыр: түнде ауа температурасы минус деңгейіне түсіп жатыр.

Жаңалықтар
0