Әлем

Мигранттар санының артуына не себеп болды

© AFP 2024 / LEONID SHCHEGLOV Мигранты на белорусско-польской границе
 Мигранты на белорусско-польской границе - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Жазылу
Қазір "шақырылмаған қонақтар" Беларусьтен Литва мен Польша арқылы бақуатты елдерге қарай өтуді көздеп отыр, алайда оларды ешбір ел құшақ жайып қарсы алайын деп отырған жоқ   

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. 2015 жылы Азия мен Африка халқы Еуропаға жаппай қоныс аударған еді, арада алты жыл өткеннен кейін сол жағдай қайталанып отыр. Ал Еуроодақ саясаты екіұдай күйде қалды, деп жазды РИА Новости.

Бір жағынан, мемлекеттің шекараны қорғауы өз азаматтарының алдындағы міндеті саналады. Олар мигранттар үшін шекараны тарс жауып тастаған жоқ. Бірақ нақты жағдайда босқындарды өз аумағына кіргізе ме, жоқ па, соңғы сөзді сол мемлекет айтуы керек.

Егер мемлекет мигранттар көшіне қарсы төтеп бере алмаса, онда мұндай мемлекеттің әрекет етуге қабілеттілігі күмән тудырады. Кез келген мемлекет белгілі бір жағдайда өз шекарасын қорғауы керек. Ол үшін күш қолдану қажет болса да, шекарадағы күзет қуатты болуға тиісті.

О чем молчат мигранты: станет ли таджикский электрик звездой UFC - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Видео
Мигранттар неге үндемейді: тәжік жігіті UFC жұлдызына айнала ма – видео
Екінші жағынан, ЕО адам құқықтарын қорғауды өз саясатының альфа және омегасы деп белгіледі, бұл Еуропаны басқа елдерден ерекшелендіреді. Негізінен Еуропа қудаланғандар мен кедейлікке ұшырағандардың панасына айналды. Мұндай жомарт ұстаным жария етілгеннен кейін еуропа үкіметі қонақтарды қабылдауға міндетті болады. Жай қабылдап қана қоймай, оларды асырауға міндеттеледі.

Алайда қазір "шақырылмаған қонақтар" Беларусьтен Литва мен Польша арқылы әлдеқайда бай елдерге қарай өтуді көздеп отырғанда, олардың "мен мәңгілік осы жақта қоныс тебуге келдім, сіздерден пана табамын деп үміттенемін" деген мәлімдемесіне бас шұлғып, мақұлдап отырғандар жоқтың қасы. Енді қайтпек керек? Ауқымды уәде бермес бұрын жақсылап ойлану керек еді.

Барлығына Лукашенконы кінәлай салуға болар еді. Оның үстіне қазіргі қиындықтарға оның да біршама қатысы бар, деп жазды басылым.

Бірақ беларусь президенті болмаса да, табиғат заңы бәрібір орындалар еді. Ал мұндай ауқымды уәделер ұзақ уақыт бұрын пайда болды.  

"Соғыс пен одан кейінгі екі онжылдықта бірқатар елде мемлекеттік төңкеріс болды. Ол төңкеріс салдарынан көп адам туған жерін тастап, басқа елге бас сауғалап қашты. Соның салдарынан көпұлтты миграция туындады. Бұл "көңілсіз қонақтар" қайда келсе де, оларды құрақ ұшып қарсы алғандар болмаған. Жер мен жұмыс ұлттар арасында бөлінді. Қолынан іс келетін адамдарға зәру мемлекет болмады. Керісінше, жұмыс пен нан сұрап келген өзге елдің адамдарына қырын қарайтындар көп болды. Оларға жұмыс істетпек түгілі, тыныс алуға әзер рұқсат етті. Қуғындалушылардың күн көрісі қиын болды және олар өздерінің жеке басын растай алмады. Көп елде бұл жағдай олардан бас тартуға сылтау болды. Қолында құжаты жоқ босқындарды бір елдің жандармдары келесі елдің шекарасына тастап кетуі жиі кездесіп жатты", - деп атап өтті жазушы-тарихшы. Бұл тура бүгінгі жағдайды сипаттап тұрғандай.

Эмигранттық кедейлік қиындықтың ең үлкені емес еді. Өзге елдегі бір тілім нан емес, тірі қалудың өзі қиындаған шақта демократиялық мемлекеттер босқындардың тағдырына қатысты немқұрайлылық танытты. 1939 жылдың 13 мамырында Гамбургтен шыққан "Сент-Луис" лайнеріндегі жолаушылардың тағдыры тарихтағы босқындар хрестоматиясына айналды.

Мигранты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2021
Әлем
Мигранттар мінген қайық аударылды: кем дегенде 130 адам көз жұмды
Кеме бортында Куба визасын алған Германияның 900 еврейі болған. Алайда Гаванаға келгенде олардың визасы күшін жойғаны белгілі болды. Жолаушылар АҚШ-тан да, Канададан да көмек сұрады. Бірақ екі ел де шаруашылық ахуалы күрделі екенін және иммиграциялық квота таусылып кеткенін алға тартып, оларға көмектесуден бас тартты. 27 мамырда Гавана портына тоқтаған "Сент-Луис" 6 маусымда кері қайтты.

Тек соңғы сәтте ғана "Джойнт" еврей ұйымы "Сент-Луис" жолаушыларын Еуропаның басқа елдеріне орналастыруға рұқсат алды. Осылайша Ұлыбритания 287 адамды, Франция – 224, Бельгия – 214 және Голландия – 181 адамды қабылдауға келісті.

Басқа көп жағдайда мәселе осылай оң шешімін таба қойған жоқ. Сондықтан босқындар тағдыр тәлкегіне ұшырап жатты. Швейцария инстанцияларында "қайық толды" дегенді білдіретін "Das Boot ist voll" ұғымы қолданылды. Яғни, мемлекет резеңке емес дегенді меңзеді. Алайда тек швейцариялықтар қана осылай әрекет еткен жоқ. 1938 жылдың жазында француздардың Эвиан курортты қаласында Үшінші рейхтан келген еуропалық босқындарға қатысты қандай шара қолдану қажеттілігі туралы демократиялық державалардың конференциясы өтті. Шараға қатысушылар "аянышты, бірақ бізден көмек жоқ" деген ұстанымды бірауыздан алға тартты. Ең қызығы, демократиялық емес елдер – Испания, Португалия, Иран әлдеқайда көп жанашырлық танытып жатты.

1919-1945 жылдардың қорытындысы бойынша үшінші әлем елдерінің экономикалық босқындарына қайырымды көмек берілді. Жеңілдіктер, жәрдемақылар, қолайлы жағдай режимі, etc.

Жаңалықтар
0