Әлем

Мигранттар мінген қайық аударылды: кем дегенде 130 адам көз жұмды

© Associated PressМигранты
Мигранты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2021
Жазылу
Триполидің солтүстік-шығысында Жерорта теңізінде резеңке қайық аударылды, тірі қалған бірде-бір адам табылмады

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Ливия жағалауында аударылған кемеде кем дегенде 130 мигрант болған, тірі қалған бірде-бір адам табылмады. Бұл туралы SOS Mediterraneе француз үкіметтік емес ұйымының мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлады РИА Новости.

"Триполиден солтүстік-шығысқа қарай бет алған резеңке қайықтың апатқа ұшырады… Оқиға орнына келген уақыттан бері апат болған аумақтан бірде-бір тірі қалған адамды таппадық, ондаған мәйітті көрдік", - делінген мәлімдемеде.

Индонезияда қайық кемемен соқтығысып, 17 адам жоғалып кетті 

United News of India басылымының мәліметінше, Жерорта теңізіндегі құтқару операциясын ауа райының қолайсыздығы қиындатқан: іздеу аумағындағы толқындар алты метрге жетті.

Барлық еуропа билігі іздеу шараларын үйлестіруден бас тартты.

 

Жаңалықтар
0