13:15 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
Фото

Жапонияда жазғы Олимпиада ойындарының алау эстафетасы басталды – фото

Қысқа сілтеме алу
61 0 0
© REUTERS / Kim Kyung-Hoon/Pool
Эстафета алауы Грекиядан олимпиада алауымен бірге жеткізілген шамдалдың көмегімен тұтатылды. Суретте: 2021 жылдың 25 наурызында олимпиада алауының эстафетасы басталған сәттегі Олимпиада ойындары 2020 ұйымдастыру комитетінің басшысы Сэйко Хасимото.

Жапонияның солтүстік-шығысындағы Фукусима префектурасында олимпиада алауы жағылды. Он мыңға жуық желаяқ кезектесе отырып күншығыс еліндегі 47 префектурада алауды алып өтеді

Токиодағы Олимпиада ойындары осы жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. Олимпиада алауы Фукусима префектурасындағы J-Village футбол орталығының аумағында тұтатылды.

Осылайша, жазғы Олимпиада ойындарына дейінгі төрт айдың кері санағы басталды.

Елдегі коронавирусқа қарсы шаралардың күшіне енуіне байланысты олимпиада алауының эстафетасын бастау салтанатына көрермендер қатысқан жоқ.

Ал алдын ала жоспар бойынша бұл шараға бас-аяғы үш мыңға жуық адамның қатысуы көзделді.

Оқи отырыңыз: Токио Олимпиадасының медалі қандай болады – алғашқы суреттер жарияланды

Жапония билігі инфекцияның таралу қаупі жоғары болғандықтан аталған шараның ауқымын едәуір қысқартты.

Алауды алып жүретін эстафета кезінде де сақтық шаралары қатаң сақталатын болады. Эстафета 121 күнге созылады.

Кілт сөздер:
спорт, Токиодағы Олимпиада
Загрузка...

Басты тақырып