Токиодағы Олимпиада ойындары осы жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. Олимпиада алауы Фукусима префектурасындағы J-Village футбол орталығының аумағында тұтатылды.
Осылайша, жазғы Олимпиада ойындарына дейінгі төрт айдың кері санағы басталды.
Елдегі коронавирусқа қарсы шаралардың күшіне енуіне байланысты олимпиада алауының эстафетасын бастау салтанатына көрермендер қатысқан жоқ.
Ал алдын ала жоспар бойынша бұл шараға бас-аяғы үш мыңға жуық адамның қатысуы көзделді.
Оқи отырыңыз: Токио Олимпиадасының медалі қандай болады – алғашқы суреттер жарияланды
Жапония билігі инфекцияның таралу қаупі жоғары болғандықтан аталған шараның ауқымын едәуір қысқартты.
Алауды алып жүретін эстафета кезінде де сақтық шаралары қатаң сақталатын болады. Эстафета 121 күнге созылады.