Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Жапонияда жазғы Олимпиада ойындарының алау эстафетасы басталды – фото

Жазылу
Жапонияның солтүстік-шығысындағы Фукусима префектурасында олимпиада алауы жағылды. Он мыңға жуық желаяқ кезектесе отырып күншығыс еліндегі 47 префектурада алауды алып өтеді

Токиодағы Олимпиада ойындары осы жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. Олимпиада алауы Фукусима префектурасындағы J-Village футбол орталығының аумағында тұтатылды.

Осылайша, жазғы Олимпиада ойындарына дейінгі төрт айдың кері санағы басталды.

Елдегі коронавирусқа қарсы шаралардың күшіне енуіне байланысты олимпиада алауының эстафетасын бастау салтанатына көрермендер қатысқан жоқ.

Ал алдын ала жоспар бойынша бұл шараға бас-аяғы үш мыңға жуық адамның қатысуы көзделді.

Оқи отырыңыз: Токио Олимпиадасының медалі қандай болады – алғашқы суреттер жарияланды

Жапония билігі инфекцияның таралу қаупі жоғары болғандықтан аталған шараның ауқымын едәуір қысқартты.

Алауды алып жүретін эстафета кезінде де сақтық шаралары қатаң сақталатын болады. Эстафета 121 күнге созылады.

© REUTERS / Kim Kyung-Hoon/PoolЭстафета алауы Грекиядан олимпиада алауымен бірге жеткізілген шамдалдың көмегімен тұтатылды. Суретте: 2021 жылдың 25 наурызында олимпиада алауының эстафетасы басталған сәттегі Олимпиада ойындары 2020 ұйымдастыру комитетінің басшысы Сэйко Хасимото.
Глава оргкомитета Олимпийских игр 2020 Сэйко Хасимото во время старта эстафеты огня в префектуре Фукусима  - Sputnik Қазақстан
1/12
Эстафета алауы Грекиядан олимпиада алауымен бірге жеткізілген шамдалдың көмегімен тұтатылды. Суретте: 2021 жылдың 25 наурызында олимпиада алауының эстафетасы басталған сәттегі Олимпиада ойындары 2020 ұйымдастыру комитетінің басшысы Сэйко Хасимото.
© REUTERS / Philip Fong/Pool Токиодағы Олимпиада 2020 жылдың шілде-тамыз айларында өтуі тиіс болатын. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты ол кейінге шегерілді. Суретте: Фукусима префектурасында эстафета бастау алған сәттегі Жапонияның ұлттық әйелдер футбол командасының мүшесі
Член женской национальной футбольной команды Японии во время эстафеты огня в префектуре Фукусима - Sputnik Қазақстан
2/12
Токиодағы Олимпиада 2020 жылдың шілде-тамыз айларында өтуі тиіс болатын. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты ол кейінге шегерілді. Суретте: Фукусима префектурасында эстафета бастау алған сәттегі Жапонияның ұлттық әйелдер футбол командасының мүшесі
© REUTERS / Issei Kato2021 жылдың жазында Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына көрермендер қатыспайды. Суретте: эстафета кезінде олимпиада алауын ұстаған факел ұстаушы.
Факелоносец с олимпийским огнем во время эстафеты огня в префектуре Фукусима - Sputnik Қазақстан
3/12
2021 жылдың жазында Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына көрермендер қатыспайды. Суретте: эстафета кезінде олимпиада алауын ұстаған факел ұстаушы.
© REUTERS / Kim Kyung-Hoon/PoolОлимпиада 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. "Токио – 2020" атауы өзгермейді. Суретте: Фукусима префектурасында алау эстафетасының басталуы кезінде өнер көрсеткен бишілер.
Выступление танцоров во время старта эстафеты огня в префектуре Фукусима  - Sputnik Қазақстан
4/12
Олимпиада 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. "Токио – 2020" атауы өзгермейді. Суретте: Фукусима префектурасында алау эстафетасының басталуы кезінде өнер көрсеткен бишілер.
© REUTERS / Issei Kato Олимпиада алауының эстафетасы 121 күнге созылады. Суретте: Фукусима префектурасындағы эстафета кезіндегі балалар.
Дети во время эстафеты огня в префектуре Фукусима  - Sputnik Қазақстан
5/12
Олимпиада алауының эстафетасы 121 күнге созылады. Суретте: Фукусима префектурасындағы эстафета кезіндегі балалар.
© REUTERS / Issei KatoАлау күншығыс еліндегі 47 префектурадағы 859 муниципалитет арқылы өтеді. Суретте: эстафета кезінде алау ұстаушылар күзет қоршауымен жылжып келеді.
Факелоносцы в сопровождении конвоя во время эстафеты Олимпийского огня в Токио-2020 в префектуре Фукусима, Япония - Sputnik Қазақстан
6/12
Алау күншығыс еліндегі 47 префектурадағы 859 муниципалитет арқылы өтеді. Суретте: эстафета кезінде алау ұстаушылар күзет қоршауымен жылжып келеді.
© REUTERS / Kim Kyung-HoonЖапониядағы Фукусима префектурасында Олимпиада алауының эстафетасы кезінде оркестр мүшесі музыкалық аспапта ойнап тұр.
Участник оркестра  играет на музыкальном инструменте во время эстафеты Олимпийского огня в Токио-2020 в префектуре Фукусима, Япония - Sputnik Қазақстан
7/12
Жапониядағы Фукусима префектурасында Олимпиада алауының эстафетасы кезінде оркестр мүшесі музыкалық аспапта ойнап тұр.
© REUTERS / Kim Kyung-HoonФукусима префектурасындағы Олимпиада алауының эстафетасы, 2021 жыл, 25 наурыз.
Олимпийский огонь во время эстафеты Олимпийского огня в Токио-2020 в префектуре Фукусима, Япония - Sputnik Қазақстан
8/12
Фукусима префектурасындағы Олимпиада алауының эстафетасы, 2021 жыл, 25 наурыз.
© AP Photo / Eugene HoshikoЭстафетаға 10 мыңға жуық адам қатысады. Суретте: Токио-2020 Олимпиада алауы эстафетасы кезінде қолына жазу тақтайшасын ұстаған ер адам.
Мужчина с табличками во время эстафеты Олимпийского огня в Токио-2020 в префектуре Фукусима, Япония - Sputnik Қазақстан
9/12
Эстафетаға 10 мыңға жуық адам қатысады. Суретте: Токио-2020 Олимпиада алауы эстафетасы кезінде қолына жазу тақтайшасын ұстаған ер адам.
© REUTERS / Issei KatoЭстафета кезіндегі жапондар гүлдеген шие ағашының жанында тұр.
Люди под цветущей вишней во время эстафеты огня в префектуре Фукусима - Sputnik Қазақстан
10/12
Эстафета кезіндегі жапондар гүлдеген шие ағашының жанында тұр.
© REUTERS / Issei KatoФукусима префектурасындағы эстафета кезінде Олимпиада алауын ұстаған жапондар.
Факелоносцы с олимпийским огнем во время эстафеты огня в префектуре Фукусима  - Sputnik Қазақстан
11/12
Фукусима префектурасындағы эстафета кезінде Олимпиада алауын ұстаған жапондар.
© REUTERS / Issei KatoБұл шара коронавирус инфекциясының таралуына жол бермейтін барлық сақтық шараларын қатаң сақтаумен ұйымдастырылды. Суретте: Фукусима префектурасындағы эстафета кезіндегі балалар.
Дети во время эстафеты огня в префектуре Фукусима - Sputnik Қазақстан
12/12
Бұл шара коронавирус инфекциясының таралуына жол бермейтін барлық сақтық шараларын қатаң сақтаумен ұйымдастырылды. Суретте: Фукусима префектурасындағы эстафета кезіндегі балалар.
Жаңалықтар
0