Ресей дипломаты Андрей Карлов 2016 жылы 19 желтоқсанда Анкарадағы фотокөрменің ашылу салтанатында оқ жарақатынан қаза тапты. Елшіні өлтірген Мевлют Алтыншаш, куәгерлердің мәліметінше, фотокөрме өтіп жатқан ғимаратқа басып кірген, полиция операциясы нәтижесінде қаныпезер оққа ұшты. Ресейдің сыртқы саясат ведомствосы болған оқиғаны теракт деп атады.