Саясат

Тоқаев РФ елшісін өлтіруге қатысты: бұл күрделі салдар туғызатын оқиға

© Сенат парламента РКҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бұрын ҚР СІМ ресейлік дипломаттың өлтірілуін қатаң айыптаған.

АСТАНА, 20 жел – Sputnik. Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев РФ-ның Түркиядағы елшісінің өлтірілуін "Сириядағы тұрақтылық бойынша күш салуларды бұзуға бағытталған теракт" деп атады. Бұл туралы Тоқаев өзінің твиттердегі аккаунтында жазған. 

Бұдан бұрын ҚР СІМ ресейлік тарапқа көңіл айтып, Андрей Карловтың өлтірілуін теракт деп атады. 

"Егеменді елдің уәкілетті өкіліне қарсы бағытталған аталмыш лаңкестік актісі үрей ұялатуға және Түркия мен Ресейдің екіжақты қарым-қатынасына іріткі салуға бағытталған", — делінген ресми мәлімдемеде.

Түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша, ресейлік дипломаттың өлтірілуіне байланысты бес адам ұсталған. 

Көзбен көрушілердің айтуынша, көрме өтіп жатқан бөлмеге ресми костюм және галстук тағып кірген болжамды өлтіруші Мевлют Алтынташты елшінің күзетшісі деп ойлаған. Полицейлік операциясы нәтижесінде ол өлтірілді. 


Жаңалықтар
0