АСТАНА, 20 жел – Sputnik. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андрей Карловтың өлтірілуін қатаң түрде айыптайды, делінген ҚР СІМ таратқан мәлімдемеде.
"Егеменді елдің уәкілетті өкіліне қарсы бағытталған аталмыш лаңкестік актісі үрей ұялатуға және Түркия мен Ресейдің екіжақты қарым-қатынасына іріткі салуға бағытталған", — делінген ресми мәлімдемеде.
ҚР СІМ ресейлік тарапқа, марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, ешбір ақтауға жатпайтын аталмыш дұшпандық актіні Түркияның құқық қорғау органдары жіті тергеп, оның ұйымдастырушылары лайықты қатаң жазаға тартылатынына үміт білдіреді.
2016 жылғы 19 желтоқсанда Анкарадағы фотокөрменің ашылуы кезінде Ресей Федерациясының Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа қарулы шабуыл жасалып, кейіннен ол көз жұмды. Ресейлік тарап, болған оқиғаны террорлық акт деп бағалап отыр.