Әлем

Ресейдің Түркиядағы елшісі теракт нәтижесінде көз жұмды

© SputnikРесей Федерациясының Түркиядағы елшісі Андрей Карлов
Ресей Федерациясының Түркиядағы елшісі Андрей Карлов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік дипломат Андрей Карлов Анкарадағы фотокөрмені ашу кезінде оқ жарақатын алып, көз жұмды.

АСТАНА, 20 жел – Sputnik. Ресей Федерациясының Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа  қарулы шабуыл жасалып, кейіннен ол көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости РФ сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Карлов Анкарадағы фотокөрмені ашу кезінде оқ жарақатын алған. Ол ашу салтанатында сөз сөйлеген болатын. РИА Новости агенттігіне оқиғаны көзімен көрген кісі, елші сөз сөйлеп тұрған кезде артынан "Аллах акбар!" деген дауыс шығып, кейінен біреудің оқ жаудыра бастағанын айтады. Ресейлік тарап, болған оқиғаны террорлық акт деп бағалап отыр. Елшіге жасалған шабуыл туралы Ресей президентіне баяндалған. Ол жағдайды СІМ басшы мен арнайы қызмет басшылығымен талқылауды жоспарлап отыр.

Андрей Геннадьевич Карлов 1954 жылғы 4 ақпанда дүниеге келген. 

1976 жылы КСРО СІМ ХҚХМИ халықаралық экономикалық қатынастар факультетін, 1992 жылы Дипломатиялық академияны бітірген. Сыртқы істер жүйесінде 1976 жылдан бастап қызмет еткен. 

1976-2008 жылдары РФ СІМ орталық аппараты мен шетелдегі мекемелерінде әртүрлі дипломатиялық қызметтер атқарған. 2001-2006 жылдары — Ресей Федерациясының КХДР елші. 2007-2009 жылдары Ресей СІМ Консулдық департаменті директорының орынбасары. 

2009 жылғы 26 қаңтарда Ресей СІМ Консулдық департаменті директоры. Ресей Федерациясы президентінің 2013 жылғы 12 шілдедегі жарлығымен Ресей Федерациясының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалған.

2011 жылғы наурызда оған төтенше және өкілетті елші рангы тағайындалған.

Кәріс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Карловтың артында әйелі мен ұлы қалды. 


Жаңалықтар
0