Оқиға

Алматы барахолкасынан өрт шықты

© Photo : ПС ДЧС АлматыПожар на барахолке в Алматы
Пожар на барахолке в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
Жазылу
Жалпы аумағы 120 шаршы метр болатын бірнеше контейнер өртенді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Алматыда Алатау ауданында орналасқан "Қазына" базарынан өрт шықты. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті.

Сағат 12:14-те өрт сөндірушілер оқиға орнына жіберілді. Олар алты минутта жетті. 120 шаршы метр аумақта бірнеше контейнер өртеніп жатқаны анықталды, жалынның көрші контейнерлерге таралу қаупі болды.

"Барлау барысында бұл ауданда су тапшы екендігі анықталды, сондықтан өрт сөндірушілер дереу өрт сөндіру цистерналарымен сумен жабдықтау жұмысын ұйымдастырды.

Жедел штаб құрылды. Жеке құрамның 40-тан астам адамы мен 14 техника жұмылдырылды.

Полиция жолдарды қоршады. Өрт 18 минут ішінде оқшауланып, сағат 12:47-де сөндірілді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0