АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Алматыда Алатау ауданында орналасқан "Қазына" базарынан өрт шықты. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті.
Сағат 12:14-те өрт сөндірушілер оқиға орнына жіберілді. Олар алты минутта жетті. 120 шаршы метр аумақта бірнеше контейнер өртеніп жатқаны анықталды, жалынның көрші контейнерлерге таралу қаупі болды.
"Барлау барысында бұл ауданда су тапшы екендігі анықталды, сондықтан өрт сөндірушілер дереу өрт сөндіру цистерналарымен сумен жабдықтау жұмысын ұйымдастырды.
Жедел штаб құрылды. Жеке құрамның 40-тан астам адамы мен 14 техника жұмылдырылды.
Полиция жолдарды қоршады. Өрт 18 минут ішінде оқшауланып, сағат 12:47-де сөндірілді.
Оқи отырыңыз:
- Ақтау маңындағы өрт: экологтар ауадан сынама алды
- Степногорскідегі алапат өрт: 60 саяжай күлге айналды – видео
- "Қымбаттату үшін әдейі істейді": Шығыс Қазақстанда шөптің өртеніп кетуі жиіледі