Оқиға

Степногорскідегі алапат өрт: 60 саяжай күлге айналды – видео

© Photo : Пресс-служба департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской областиПожар на дачах в Степногорске
Пожар на дачах в Степногорске - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2021
Жазылу
Жергілікті тұрғындар мен блогерлер түсірген қорқынышты кадрлар ақырзаман туралы фильмдерді еске түсіреді: елді мекенді қою түтін тұмшалады  

КӨКШЕТАУ, 17 қыркүйек – Sputnik. Степногорск түбіндегі саяжай аумағында алапат өрт болды. Құтқарушылардың айтуынша, 60-қа жуық саяжай өртеніп кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Степногорска (@step.news)

"Өрт өзенге қарай ығысты. Өрт қалаға жақын жерде телемұнара жақтан басталып, желмен саяжайларға жетті. Өкінішке қарай, дәл осы сәтте өрт сөндіру бөлімдері Первомайка және Қырық Құдық ауылының маңында дала өртін сөндірумен әлек болып жатқан. Оның ауқымы анықталған кезде барлық өрт сөндіру топтары осында жіберілді. Бірақ, өкінішке қарай, қатты желдің салдарынан өртті тоқтату мүмкін болмады",- деп хабарлады Instagram-дағы step.news паблигі.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Степногорска (@step.news)

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты растады. Өрт кешкі сағат 17 шамасында "Вавилова" ПКДУ саяжай алабының аумағында басталған.

"20 гектар аумақтағы құрғақ шөп өртенді, қызыл жалын 58 саяжайға шарпыды, оның үшеуінде тұрғын үй болды, жалпы аумағы 3,5 гектар. Өрт сағат 20:45 ауыздықталып, түнгі 22:00-де сөндірілді", - деп хабарлады облыстық департаменттің баспасөз қызметі.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі анықталып жатыр.

 

Жаңалықтар
0