04:37 01 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.05
  • EUR509.29
  • RUB5.58
Сараптама
Қысқа сілтеме алу
15701

Құрылыста және базарда жұмыс істейтіндер мен студенттер террористер қатарына қосылуға бейім

АСТАНА, 29 сәуір — Sputnik. 27 сәуірге қараған түні Калининградта "Ислам джихады — Джамаат моджахедов" халықаралық террористік ұйымы ұяшығының басшысы ұсталды. Ол адамдарды террористер қатарына тартумен бұрыннан бері айналысады екен әрі Өзбекстанда экстремизмге айыпталып, оған қарсы бірнеше қылмыстық істер қозғалған. Терроризмді насихаттаушылардың әдіс-тәсілдері мен оларға ілесуге бейім адамдар туралы полиция генерал-полковнигі, ТМД мүше елдерінің Антитеррористік орталығының басшысы Андрей Новиков айтып берді.

Осыдан бір жыл бұрын террористер қатарына тартудың ең ұтымды тәсілі әлеуметтік желілерде насихаттау болатын, алайда ТМД елдерінің құзыретті құрылымдарының жұмысы оң нәтиже беріп, мұндай үгіттеудің саны біршама төмендеді.

"Қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтердің жұмысы тиімді атқарылып, нәтижесінде насихаттаушылардың әлеуметтік желідегі белсенділігі айтарлықтай азайды. Бірақ олар қылмыстық іс-әрекеттерін біржола тотқтатқан жоқ. Қазір олар әртүрлі мессенждерлер арқылы үгіт жүргізуде — бірінші кезекте, WhatsApp, Viber және Skype. Нақты қылмыстық істерді тергеу барысында компьютерлік сараптама мазмұндарын саралау кезінде осы үрдісті байқаймыз", — деп түсіндірді Новиков.

Ол айтып өткендей, қауіпсіздік органдары және арнайы қызмет желісі арқылы насихаттау ресурстары туралы тоқтаусыз ақпарат алмасуды жолға қоюға және ТМД аумағында сол ресурстарды бейтараптау бойынша ортақ тәсіл ұстануға қол жеткізілді.

Ислам мемлекеті студенттерді қайтпек

Сарапшылар террористер қатарына қосылуға бейім азаматтардың үш санатын анықтады: жастар, күрделі экономикалық әрі психологиялық күйзеліске ұшыраған еңбек мигранттары және түрмедегілер.

"Криминологияда "виктимділік" деген термин бар, яғни құрбан болуға бейім жандар. Өз көзқарасымыз тұрғысынан, әлеуметтік немесе экономикалық статусы, жас ерекшелігіне қарай террористер қатарына қосылуға бейім халық туралы айтқанда, осы терминді пайдаланамыз", — дейді Новиков.

"Өмірлік тәжірибесі аздығына байланысты студенттер де виктимді азаматтар қатарына жатқызылады. Жастар жағы әр істің салдарын оъективті түрде бағамдай білмейді: "Ислам мемлекетіне қосылып кетсем қайтеді? Сирия немесе Иракқа кетіп қалсам не болмақ? Ол жақтан қалай қайтам?". Бастапқы екі сұраққа жауап тапқанымен, үшіншісіне келгенде кідіріп қалады", — дейді ол.

Оның үстіне, "Ислам мемлекеті" жауынгерлерінің санын көбейтуді ғана емес, IT-технология, лингвистика, медицина және басқа салалардағы білікті мамандарды өз қатарына тартуды көздейді. Сол себепті де студенттер жағына қауіп төніп тұр, осы бір квазимемлекеттің қызмет етуіне мамандар ауадай қажет.

Еңбек мигранттары: ат басындай алтын туралы ертегілер

ТМД құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің ерекше қызығушылығын террористер қатарына қосылуға бейім тағы бір азаматтар тобы туғызады. Әңгіме Орта Азиядан шыққан еңбек мигранттары туралы болмақ.

"Еңбек мигранттарының басым көпшілігі Ресей аумағында жүріп террористер қатарына қосылады. Бұл туралы қылмыстық істер материалынан біле аламыз. Яғни, бұл жерде жалпы саны аз келімсектер туралы айтып отырмын", — деп түсіндірді Новиков.

Еңбек мигранттары мәдениеті жат, тілі бөтен ортаға түскен кезде әжептәуір психологиялық күйзеліске ұшырайды. Олар мешіттерде емес, жұрт көп жиылған жерлерде лаңкестер қатарына тартылады, мысалы, құрылыста, базарлар мен адам көп тұратын жатақханаларда. Кейде экстремистер алдын ала әлеуметтік желі арқылы насихат жүргізіп барып, мигранттарды аралйды, яғни "әлгі адам экстремисттік көзқарас ұстануға дайын ба, жалпы радикалды идеялар ұсына ма — соны анықтайды".

"Орта Азияның бірқатар мемлекеттерінде экономикалық ахуал недәуір күрделі, халықтың күнкөрісі төмен. Экстремисттік ұстанымдағы мигранттарды тапқан соң, насихаттаушылар бірден ақша ұсынады. Жауынгерлік істерге қатысқаны үшін айына мың доллар берем десе, кейбіреулердің ілесе кетуі әбден мүмкін", — дейді Новиков.

Бірақ ТМД антитеррористік орталығы түсіндіріп өткендей, мәселенің түбі тереңде жатыр — мигрантқа жалған ақша төлеп немесе мүлдем төлемеуі де мүмкін, оның үстіне, содырлардың орташа жас ұзақтығы бірнеше айдан аспайды.

Жалдамалы жауынгер Сирияға барған соң, бәрі тым кеш: еліне оралса, қылмыстық жазаға ұшырайды; соғыста жүрсе, күнде басын қатерге тігуге мәжбүр.

Ислам мемлекеті әлеуметтік желілер арқылы насихат жүргізуден бөлек, жаңа "жобаны" іске қосты — террористердің автономды ұяшығын құру бойынша оқу бағдарламасын интернетте таратуда. Бұл оқулықтар мен нұсқаулықтарда, бейнежазбаларда жарылғыш құрылғыларды жасау тәсілдері, қара нарықта қару сатып алу жолдары және т. б. көрсетілген.

"Адамдарды лаңкестер қатарына басқа да амалдармен тартуы мүмкін: жаңа содыр ИГИЛ-дің соғыс лагерлерінде дайындықтан өтеді, я болмаса өз бетінше онлайн әзірленіп, тұрғылықты мекенжайы бойынша шағын ұяшықтың құрамына енеді", — дейді маман.

Лаңкестердің ордасы

Көптеген мемлекеттердегі тағы бір проблема — экстремисттік сипаттағы қылмыс үшін сотталғандарды ұрлық, қарақшылық жасап, кісі өлтіргендермен бірге түрмеге қамау.

"Қылмыскерлердің екі санаты бірге қамауда болған кезде, насихаттаушыларға таптырмайтын мүмкіндік туындайды. Яғни, түрме олар үшін ең ыңғайлы орынға айналып отыр. Эсктремисттік ұстанымдар сотталғандар арасында жұқпалы індеттей тарай береді", — деп түсіндірді Андрей Новиков.

"Қайтар жол" бар

Тығырықтан шығар жол бар, ресейлік сарапшылар ортаазиялық әріптестерінің озық тәжірибелерінің нәтижесін жіті бақылап отыр. Орта Азия елдерінде, Новиков айтып өткендей, мемлекеттің арнайы қызметтері мен азаматтық қоғамның діни құрылымдарының өзара ынтымақтасуы жақсы нәтиже берді. Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан пенитенциарлық мекемелерінде имамдар жұмыс істейді.

"Діни наным-сенімдегі адам үшін кез келген жайтты мүфти немесе имамның ой елегінен өткізуі аса маңызды. Қандай да бір мінез-құлықты жақтайтын немес даттайтын діни уағыздар айтылып жатса, дінге сенетін адам оған бей-жай қарамайды", — деп атап өтті Новиков.

Загрузка...

Басты тақырып