Саясат

Терроризм үшін жаза: "жан-жақты" қаталдану

© AP Photo / Hani MohammedҚарулы жауынгерлер
Қарулы жауынгерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан парламентінің мәжіліс депутаттары экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері жөнінде толықтыруларды бірінші оқылымда қабылдады.

АСТАНА, 5 қаз – Sputnik. Қазақстан парламентінің мәжіліс депутаттары экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері жөнінде толықтыруларды бірінші оқылымда қабылдады деп хабарлайды  Sputnik агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеде болған оқиғалардан кейін экстремизм мен терроризмге қарсы күрес саласында, қару айналымы, сақталуы және сатылуы саласында, діни бірлестіктер мен көші-қон мәселелерін реттеу салаларында заңды шаралар шығаруды тапсырған болатын.

ҰҚК басшысының орынбасары Марат Қолқабаевтің берген ақпараты бойынша, заң жобасы террористік және экстремистік қылмыс жазасын қатаңдатуды ұсынады.

Сондай-ақ, қару айналымы мен көші-қон саласындағы әкімішілік құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылуды күшейту ұсынылады.

"Күзет ұйымдарына нақты шарттар енгізіп, жеке меншік күзет ұйымдарына күзетшілерді тек сол шартқа сәйкес қабылдауды ұсынамыз", — деді Қолқабаев заң жобасын мәжілісте таныстырғанда.

Жоба экстремизм мен терроризмге қатысы бар діни топтар мен бірлестіктердің қызметіне тыйым салуға бағытталған шараларды ұсынады.

Көші-қон бақылауын жетілдіру үшін жеке тұлғаларды тіркеу бойынша тәртіп бұзған азаматтарға қатысты кейбір мемлекеттік қызметтерді шектеу мәселесін қарастыру ұсынылады.

Заңды бұзған жағдайда шетелдіктерді елден қуып шығару себептері айқындалуда.

Заң жобасы деректердің бірыңғай базасы IMEI жасап шығаруды қарастырады. Бұл база ұялы байланыс құралының иесі туралы ақпаратты реттеп, қылмыс жасалған жағдайда оны қолдануын шектеуге мүмкіндік береді.

 Маусымның басында Ақтөбе қаласында әскери бөлімше мен екі қару дүкеніне адамдар тобы қарулы шабуыл жасаған болатын. Қалада антитеррорлық операция режимі жарияланған еді. Террористтер шабуылы нәтижесінде сегіз адам қаза болды, олардың үшеуі әскери қызметкерлер. Қазақстанда 2017 жылдың 15 қаңтарына дейін террористік қауіптіліктің сары деңгейі сақталады. 

Жаңалықтар
0