АСТАНА, 22 жел – Sputnik. Ақмола облысында математика пәнін оқытатын ауыл мұғалімі терроризмді насихаттағаны үшін сотталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі тілшісі аймақтық прокуратураға сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Сандықтау ауданының 33 жастағы тұрғыны Б. азамат Twitter желісіндегі жеке парақшасында кәпірлерге қарсы соғыс тәсілдері, қарулы джихад туралы мәліметтерді қамтитын мақалаларды жариялап отырған. Деректер діни алауыздықты туғызып, терроризмді насихаттауға, Сириядағы соғысқа қатысуға шақыруға бағытталған.
2016 жылы 16 қарашада сот талқылауы барысында сотталушы кінәсін мойындау туралы келісімге отырды.
Сандықтау аудандық сотының үкімімен Б. азамат ҚР ҚК 256-бабы 2-бөлігі және 174-бабы 1-бөлігі бойынша бес жылға бас бостандығынан айырылды.