Оқиға

Қазақстан арнайы қызметтері төрт аймақтағы экстремисттерді бейтараптайды

© Sputnik / Еркен СалиховАрнайы жасақ
Арнайы жасақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жедел іс-шаралар бірнеше аймақтарда жүргізілуде, 16 адам ұсталды

АСТАНА, 21 жел – Sputnik. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті ел аумағында "Ат-Такфир уаль-Хиджра" діни-экстремистік ұйымы ұяшықтарын бейтараптау жөнінде арнайы операция бастады.

Жедел іс-шаралар бір мезетте  Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстарында және Алматы қаласында жүргізілуде. Діни алауыздықты тудырып, тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты деген күдікпен 16 адам ұсталып, ҰҚК аймақтық органдарына жеткізілді. Олардың мекенжайлары бойынша тінту және басқа да жедел тергеу жұмыстары атқарылуда.

Бұл ұйым мүшелері "сенбеушілікті айыптау" немесе "такфир" принципін насихаттайды, соның негізінде "Аль-Каида" идеологиясы, ДАИШ және басқа да террорлық топттар құрылған.

Арнайы жасақ - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтөбеде арнайы операция жүргізілуде
 

"Ат-Такфир уаль-Хиджра" соңынан ергендер террористтердің Сирия мен Ирактағы әрекеттерін қолдайды және зайырлы мемлекеттік басқару формасы мен елдің конституциялық заңдарын мойындамайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті операция барысы мен әрі қарайғы тергеу нәтижелері туралы хабарлап отыратын болады.

Жаңалықтар
0