Оқиға

ҰҚК терроризмге қатысы бар деген күдікпен 15 адамды ұстады

© Sputnik / Еркен Салиховарнайы қызмет
арнайы қызмет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктілерден граната, халықаралық террористік ұйымдардың атрибутикасы, діни мазмұндағы әдебиет және ақпаратты электронды тасымалдауыштар тәркіленді.

АСТАНА, 11 ақп — Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарымен бірлесе отырып жүргізген арнайы операциялар нәтижесінде  екі радикалды топты бейтараптандырылды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметі. 

Ведомствоның хабарламасына сәйкес, 13-24 қаңтар аралығында Алматы қаласы және Алматы облысы маңындағы жүргізілген аудандарда бірқатар арнайы операциялар нәтижесінде екі радикалды топ пен діни-экстремистік идеологияны ұстанушы 6 адамның іс-әрекеті бейтараптандырылды.

Терроризмді насихаттау, террористік іс-әрекетке қатысуға дайындалу, діни алауыздықты қоздыру және қаруды заңсыз  сақтауға қатысты деген айыппен барлығы 15 адам қамауға алынды. 

"Ұсталғандардың тұратын мекенжайларын тінту барысында         5 граната, халықаралық террористік ұйымдардың атрибутикасы, діни мазмұндағы әдебиет және ақпаратты электронды тасымалдауыштар тәркіленді", — делінген хабарламада.

Тергеу іс-қимылдары жалғасуда. Көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру сонымен қатар "Универсиада-2017" жарысын өткізу кезінде қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етуге  ықпал жасады. 


Жаңалықтар
0