АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Щучинск қаласындағы өрт салдарынан қайтыс болғандардың саны 11 адамға жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 8 наурызда "Авиценна-Бурабай" жеке меншік клиниканың жансақтау бөлімінде жатқан ер адам қайтыс болған. Ал бүгін, 9 наурызда Көкшетаудағы облыстық көпсалалы ауруханада өрт кезінде ауыр жарақат алған әйел көз жұмды.
Айта кетері, "Палау орталығында" болған өрт кезінде 7 адам қайтыс болған. Сол кезде Щучинскідегі "Авиценна-Бурабай" стационарына төрт адам, Ақмола облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне төрт науқас түсті.