Щучинск дәмханасындағы жарылыс: зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды

© Photo : Скриншот видео ДЧС Акмолинской областиЩучинск дәмханасындағы жарылыс
Щучинск дәмханасындағы жарылыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2026
Жазылу
Жарылыстан зардап шеккен науқас Авиценна атындағы Бурабай ауруханасында емделіп жатқан
АСТАНА, 3 наурыз – Sputbnik. Щучинскідегі дәмханада жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Дәмханадағы жарылыстан зардап шегіп, Авиценна атындағы Бурабай ауруханасында емделіп жатқан науқас қайтыс болды. Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасында растады.
Еске сала кетейік, 26 ақпанда Щучинскідегі "Центр плова" дәмханасында жарылыс болып, 28 адам зардап шекті, жетеуі қайтыс болды. 13 адам ауруханаға жатқызылып, алтауы үйіне жіберілді.
Кейіннен қайтыс болғандардың арасында 16 жастағы жасөспірімнің бар екені анықталды. Ол дәмхана қызметкерінің қызы болған. Сол күні жұмысқа анасының жанында болуға келген.
Жергілікті әкімдік зардап шеккендердің отбасына материалдық көмек көрсетіледі деді. Қайтыс болған азаматтардың отбасына 2 млн, ал зардап шеккендердің отбасына 1 млн теңгеден берілетінін айтты.
28 ақпанда әкімдік қайтыс болған 5 адамның отбасындағы несиелер өтелетінін хабарлады.
Ал әлеуметтік желіде дәмхана басшылығы мен қызметкерлерінің халықтың алында кешірім сұраған бейнежазбасы тарады.
Пожар в одном из кафе Щучинска - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2026
Дәмханадағы жарылыс: қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден беріледі
Жаңалықтар
0