Щучинскідегі жарылыс: қаза болғандардың саны 9-ға жетті

© Photo : Скриншот видео ДЧС Акмолинской областиПострадавших в результате взрыва в кафе Щучинска транспортировали реанимобилями МЧС
Пострадавших в результате взрыва в кафе Щучинска транспортировали реанимобилями МЧС  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Щучинскіде дәмханадағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір науқас көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Осылайша жарылыстан қаза болғандардың саны 9 адамға жетті. Оқиға болған кезде 7 адам көз жұмғаны хабарланған болатын, жарақат алғандардың екеуі бүгін көз жұмған.
"Щучинскідегі "Авиценна-Бурабай" стационарына төрт, Ақмола облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне төрт науқас түсті. Бесеуі санавиациямен Астанаға эвакуацияланды. Өкінішке қарай Щучинск қаласындағы стационарда жағдайы ауыр екі науқас көз жұмды", - дейді Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек.
Аймақ дәрігерлері қалған науқастардың өмірі үшін күресіп жатыр. Ол үшін барлық кадрлық әлеует, медициналық техника және дәрі-дәрмектер жеткілікті.
Щучинск дәмханасындағы жарылыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2026
Щучинск дәмханасындағы жарылыс: зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды
Жаңалықтар
0