Щучинск дәмханасындағы жарылыс: қайтыс болғандар саны 11 адамға жетті

© Photo : Скриншот видео ДЧС Акмолинской областиЩучинскідегі өрт: қайтыс болғандардың саны өсті
Щучинскідегі өрт: қайтыс болғандардың саны өсті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2026
Жазылу
Көкшетаудағы облыстық көпсалалы ауруханада өрт кезінде ауыр жарақат алған әйел көз жұмды
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Щучинск қаласындағы өрт салдарынан қайтыс болғандардың саны 11 адамға жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 8 наурызда "Авиценна-Бурабай" жеке меншік клиниканың жансақтау бөлімінде жатқан ер адам қайтыс болған. Ал бүгін, 9 наурызда Көкшетаудағы облыстық көпсалалы ауруханада өрт кезінде ауыр жарақат алған әйел көз жұмды.
Айта кетері, "Палау орталығында" болған өрт кезінде 7 адам қайтыс болған. Сол кезде Щучинскідегі "Авиценна-Бурабай" стационарына төрт адам, Ақмола облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне төрт науқас түсті.
Бесеуі санавиациямен Астанаға эвакуацияланды. Артынан зардап шеккен екі адам қайтыс болған. Дәмхана иесі қамауға алынды.
Щучинск дәмханасындағы жарылыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2026
Щучинск дәмханасындағы жарылыс: зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды
Жаңалықтар
0