Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды

Ол "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ басшысы болды
Sputnik
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденов жаңа қызметке келді.
Ол "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ басшысы болып тағайындалды.
Бұл ақпаратты Алматы қаласы әкімдігі растады.
Орталық – қала әкімдігіне қарасты ұйым. Оның негізгі міндеті – Алматыны өмір сүруге қолайлы әлемдік мегаполистердің біріне айналдыруға үлес қосу.
Айта кетері, тамызда Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымынан кеткен болатын.


Берденов туралы не білеміз?


Руслан Берденов 1985 жылдың 6 наурызында Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КИМЭП университетінде "Іскерлік басқару мен қаржылық менеджмент" мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы "Procter & Gamble LLP" компаниясында бастаған.
2010-2012 жылдары - "EASTCOMTRANS" ЖШС-нің жылжымалы құрамды жалға беру департаментінің директоры;
2012-2018 жылдары "Ақ ниет" ЖШС-нің бас директоры, 2018-2019 жылдары "Ақ ниет" ЖШС-нің бақылау кеңесінің мүшесі;
2019-2023 жылдары "Aq Niet Group" бақылау кеңесі төрағасының орынбасары;
2023-2025 жылдары Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі;
2025 жылдың ақпанынан тамызына дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.

Еске сала кетейік, 22 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті.
20 тамызда оны атқан Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды.