https://sputnik.kz/20251004/ruslan-berdenov-zhana-qyzmetke-tagayyndaldy-57618616.html
Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды
Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды
Sputnik Қазақстан
Ол "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ басшысы болды 04.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-04T12:45+0500
2025-10-04T12:45+0500
2025-10-04T12:53+0500
тағайындау
https://sputnik.kz/img/07e9/08/14/56465911_0:3:1066:603_1920x0_80_0_0_999bd9e57136cdbb87ca25172fd2c7db.jpg
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденов жаңа қызметке келді.Ол "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ басшысы болып тағайындалды.Бұл ақпаратты Алматы қаласы әкімдігі растады.Орталық – қала әкімдігіне қарасты ұйым. Оның негізгі міндеті – Алматыны өмір сүруге қолайлы әлемдік мегаполистердің біріне айналдыруға үлес қосу.Айта кетері, тамызда Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымынан кеткен болатын.Берденов туралы не білеміз?Руслан Берденов 1985 жылдың 6 наурызында Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КИМЭП университетінде "Іскерлік басқару мен қаржылық менеджмент" мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.Еңбек жолын 2007 жылы "Procter & Gamble LLP" компаниясында бастаған.2010-2012 жылдары - "EASTCOMTRANS" ЖШС-нің жылжымалы құрамды жалға беру департаментінің директоры;2012-2018 жылдары "Ақ ниет" ЖШС-нің бас директоры, 2018-2019 жылдары "Ақ ниет" ЖШС-нің бақылау кеңесінің мүшесі;2019-2023 жылдары "Aq Niet Group" бақылау кеңесі төрағасының орынбасары; 2023-2025 жылдары Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі;2025 жылдың ақпанынан тамызына дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.Еске сала кетейік, 22 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті.20 тамызда оны атқан Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/14/56465911_0:0:1066:800_1920x0_80_0_0_58e85b7fb50c5a137335e8be4c118283.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тағайындау
Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды
12:45 04.10.2025 (жаңартылды: 12:53 04.10.2025) Ол "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ басшысы болды
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденов жаңа қызметке келді.
Ол "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ басшысы болып тағайындалды.
Бұл ақпаратты Алматы қаласы әкімдігі растады.
Орталық – қала әкімдігіне қарасты ұйым. Оның негізгі міндеті – Алматыны өмір сүруге қолайлы әлемдік мегаполистердің біріне айналдыруға үлес қосу.
Айта кетері, тамызда Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымынан кеткен болатын.
Берденов туралы не білеміз?
Руслан Берденов 1985 жылдың 6 наурызында Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КИМЭП университетінде "Іскерлік басқару мен қаржылық менеджмент" мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы "Procter & Gamble LLP" компаниясында бастаған.
2010-2012 жылдары - "EASTCOMTRANS" ЖШС-нің жылжымалы құрамды жалға беру департаментінің директоры;
2012-2018 жылдары "Ақ ниет" ЖШС-нің бас директоры, 2018-2019 жылдары "Ақ ниет" ЖШС-нің бақылау кеңесінің мүшесі;
2019-2023 жылдары "Aq Niet Group" бақылау кеңесі төрағасының орынбасары;
2023-2025 жылдары Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі;
2025 жылдың ақпанынан тамызына дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.
Еске сала кетейік, 22 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті
атып кетті.
20 тамызда оны атқан Ернар Жиембай 9 жылға
бас бостандығынан айырылды.