https://sputnik.kz/20250423/tapsyryspen-zhasalgan-shymkenttikter-berdenovtin-oqigasyna-qatysty-ne-deydi-52756758.html
"Тапсырыспен жасалған": шымкенттіктер Берденовтің оқиғасына қатысты не дейді
"Тапсырыспен жасалған": шымкенттіктер Берденовтің оқиғасына қатысты не дейді
Sputnik Қазақстан
Шымкенттіктердің айтуынша, қызметтік кикілжіңге бола адамды ату мүмкін емес 23.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-23T09:51+0500
2025-04-23T09:51+0500
2025-04-23T09:51+0500
шымкент
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33389202_0:135:2049:1287_1920x0_80_0_0_8834d1b1761aad80e0120ad609dd07a4.jpg
АЛМАТЫ, 23 сәуір - Sputnik. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық тапсырыс па? Sputnik Қазақстан тілшісі Шымкентке барып, халықтың пікірін біліп қайтты.Дәл әкімдіктің жанында оққа ұшып, аман қалған Руслан Берденов туралы шымкенттіктер өз пікірлерін білдірді.Оның жаны аман қалса екен деп тілеген жан көп. Sputnik Қазақстан тілшісі пікірін білген адамның бәрінің тілеуі сол."Руслан Берденов – қаладағы қалталы азаматтардың бірі. Әлеуметтік желіден букмекер орталықтарын жауып, құмар ойындарға тыйым салатынын айтқанын көргеніміз бар. Бірақ онысы жүзеге асты ма, жоқ па білмеймін, десе де бастамасы дұрыс адам. Менің ойымша, оны тапсырыспен атқан болу мүмкін", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Ағабек.Бір Ағабек емес, шымкенттіктердің көпшілігі Руслан Берденовті "Тапсырыспен атты" деп отыр. Айтуларынша, қызметтік кикілжіңге бола адамды ату мүмкін емес.Халықтың пікірінше, биліктегілердің оққа ұшып, қаладағы бас ғимарат жанында құлап жатқаны жақсылыққа апарамайды."Бұл – масқара жайт, Шымкент әкімінің орынбасарын дәл әкімдіктің жанында атып кетіп отыр. Бұдан кейін басқа қылмыс қайда қалады?", - дейді атын жасырған тағы бір тұрғын.Айта кетейік, Руслан Берденов – Шымкент қаласының тумасы, жасы 40-та 2023-2025 жылдары парламент мәжілісінің депутаты болған. Еңбек жолын 2005 жылы небәрі 20 жасында "Алматы құс" компаниясында директорлықтан бастаған. Одан кейін де бірнеше салада басшылық етіп, тақтан таймаған.Шымкенттіктер Берденовті қала әкімінің орынбасары емес, қалталы кәсіпкер ретінде көп таниды.Айтпақшы, Берденовтің бетке ұстар тірлігін айтып, әлеуметтік желіде жаға жыртысқан адам көп. Басым көпшілігі ел қамын ойлаған ерге обал болды дейді.Берденовтің жағдайы қалайSputnik Қазақстан тілшісі Берденов қазіргі уақытта емделіп жатқан ауруханаға барды. Аурухана сыртында да топ-топ болып жиналған адам көп. Олар тілшіге ауруханаға кірмеуді ескертті. Өздерінің қай саланың мамандары екендерін айтудан түбегейлі бас тартты, ашулы, шаршаған. Тіпті бірі қан қысымы көтеріліп, жүйкесі тозып тұрғанын айтты.Еске сала кетейік, 21 сәуірде сағат 20:30-да Шымкентте дәл әкімдік қасында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті. Оны көлік жүргізушісі құтқарып қалған. Желідегі ақпарат бойынша, жүргізуші оқ атқан адамды көлігімен қағыпты.Полиция оқиғаға қатысты қысқа ғана ресми ақпарат таратты."Әкімдік ғимараты жанында атыс болып, әкімдік қызметкері жарақат алды. Қылмысты жасаған күдікті ұсталып қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр ", - дейді қалалық полиция департаменті.Көп ұзамай дәрігерлер де Руслан Берденовтің жағдайы туралы мәлімдеме жасады. "Шымкент қаласы әкімінің орынбасары оқ жарақатымен қалалық ауруханаға түсті. Оған шұғыл ота жасалды. Операция барысында қан кету тоқтатылды", - дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Бақытжан Абдуллаев.Айтуларынша, науқастың жағдайы ауыр.
https://sputnik.kz/20250422/oq-zharaqatyn-algan-ruslan-berdenov-esin-zhidy-zhagdayy-ali-de-auyr-52720391.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33389202_0:256:2048:1792_1920x0_80_0_0_74300b2607ee57a0b9aff560d28e4151.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
шымкент
"Тапсырыспен жасалған": шымкенттіктер Берденовтің оқиғасына қатысты не дейді
Шымкенттіктердің айтуынша, қызметтік кикілжіңге бола адамды ату мүмкін емес
АЛМАТЫ, 23 сәуір - Sputnik. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық тапсырыс па?
Sputnik Қазақстан тілшісі Шымкентке барып, халықтың пікірін біліп қайтты.
Дәл әкімдіктің жанында оққа ұшып, аман қалған Руслан Берденов туралы шымкенттіктер өз пікірлерін білдірді.
"Берденов – осы жақтың адамы, депутат та болған. Жаман аты шыққанын естіген емеспіз. Бірақ атып кетті дегенді естіп жағамызды ұстадық", - дейді қала тұрғыны Сүгір Рымбаев.
Оның жаны аман қалса екен деп тілеген жан көп. Sputnik Қазақстан тілшісі пікірін білген адамның бәрінің тілеуі сол.
"Руслан Берденов – қаладағы қалталы азаматтардың бірі. Әлеуметтік желіден букмекер орталықтарын жауып, құмар ойындарға тыйым салатынын айтқанын көргеніміз бар. Бірақ онысы жүзеге асты ма, жоқ па білмеймін, десе де бастамасы дұрыс адам. Менің ойымша, оны тапсырыспен атқан болу мүмкін", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Ағабек.
Бір Ағабек емес, шымкенттіктердің көпшілігі Руслан Берденовті "Тапсырыспен атты" деп отыр. Айтуларынша, қызметтік кикілжіңге бола адамды ату мүмкін емес.
Халықтың пікірінше, биліктегілердің оққа ұшып, қаладағы бас ғимарат жанында құлап жатқаны жақсылыққа апарамайды.
"Бұл – масқара жайт, Шымкент әкімінің орынбасарын дәл әкімдіктің жанында атып кетіп отыр. Бұдан кейін басқа қылмыс қайда қалады?", - дейді атын жасырған тағы бір тұрғын.
Айта кетейік, Руслан Берденов – Шымкент қаласының тумасы, жасы 40-та 2023-2025 жылдары парламент мәжілісінің депутаты болған. Еңбек жолын 2005 жылы небәрі 20 жасында "Алматы құс" компаниясында директорлықтан бастаған. Одан кейін де бірнеше салада басшылық етіп, тақтан таймаған.
Шымкенттіктер Берденовті қала әкімінің орынбасары емес, қалталы кәсіпкер ретінде көп таниды.
Айтпақшы, Берденовтің бетке ұстар тірлігін айтып, әлеуметтік желіде жаға жыртысқан адам көп. Басым көпшілігі ел қамын ойлаған ерге обал болды дейді.
Берденовтің жағдайы қалай
Sputnik Қазақстан тілшісі Берденов қазіргі уақытта емделіп жатқан ауруханаға барды. Аурухана сыртында да топ-топ болып жиналған адам көп. Олар тілшіге ауруханаға кірмеуді ескертті. Өздерінің қай саланың мамандары екендерін айтудан түбегейлі бас тартты, ашулы, шаршаған. Тіпті бірі қан қысымы көтеріліп, жүйкесі тозып тұрғанын айтты.
Еске сала кетейік, 21 сәуірде сағат 20:30-да Шымкентте дәл әкімдік қасында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті
атып кетті. Оны көлік жүргізушісі құтқарып қалған. Желідегі ақпарат бойынша, жүргізуші оқ атқан адамды көлігімен қағыпты.
Полиция оқиғаға қатысты қысқа ғана ресми ақпарат таратты.
"Әкімдік ғимараты жанында атыс болып, әкімдік қызметкері жарақат алды. Қылмысты жасаған күдікті ұсталып қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр ", - дейді қалалық полиция департаменті.
Көп ұзамай дәрігерлер де Руслан Берденовтің жағдайы туралы мәлімдеме
жасады.
"Шымкент қаласы әкімінің орынбасары оқ жарақатымен қалалық ауруханаға түсті. Оған шұғыл ота жасалды. Операция барысында қан кету тоқтатылды", - дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Бақытжан Абдуллаев.
Айтуларынша, науқастың жағдайы ауыр.