https://sputnik.kz/20250422/shymkent-akiminin-orynbasaryna-ota-zhasaldy-52713391.html
Шымкент әкімінің орынбасарына ота жасалды
Шымкент әкімінің орынбасарына ота жасалды
Sputnik Қазақстан
Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ 22.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-22T08:43+0500
2025-04-22T08:43+0500
2025-04-22T08:46+0500
шымкент
әкім орынбасары
ота
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33378378_213:88:1719:935_1920x0_80_0_0_ba57a4b6a809382644cd573d0d0441f7.jpg
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке ота жасалды, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.Басқарманың мәліметінше, ота барысында қан кету тоқтатылды, жарақаттанудан болған зақым қалпына келтірілді. Өміріне қауіп жоқ.Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр. Берденов дәрігерлердің тұрақты бақылауында және барлық қажетті медициналық көмекті алуда.Еске сала кетейік, 21 сәуір күні кешке Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылған. Күдікті қамауға алынды.Берденов 2025 жылдың ақпанында Шымкентке әкімнің орынбасары болып барды, оған дейін Мәжіліс депутаты болған.
https://sputnik.kz/20250421/shymkent-akiminin-orynbasaryn-atyp-ketti-52709063.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33378378_279:103:1465:993_1920x0_80_0_0_b4d143276c20a18514c097a4ae7ac2d0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, әкім орынбасары, ота
шымкент, әкім орынбасары, ота
Шымкент әкімінің орынбасарына ота жасалды
08:43 22.04.2025 (жаңартылды: 08:46 22.04.2025) Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке ота жасалды, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
"Шымкент қаласы әкімінің орынбасары оқ жарақатымен қалалық ауруханаға түсті. Оған шұғыл операция жасалды", - делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Басқарманың мәліметінше, ота барысында қан кету тоқтатылды, жарақаттанудан болған зақым қалпына келтірілді. Өміріне қауіп жоқ.
Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр. Берденов дәрігерлердің тұрақты бақылауында және барлық қажетті медициналық көмекті алуда.
Еске сала кетейік, 21 сәуір күні кешке Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылған. Күдікті қамауға алынды.
Берденов 2025 жылдың ақпанында Шымкентке әкімнің орынбасары болып барды, оған дейін Мәжіліс депутаты болған.