Руслан Берденовке оқ атқан ер адам 9 жылға сотталды

Руслан Берденов
Руслан Берденов - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2025
Жазылу
Прокурор сотталушыны 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұраған
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты сот отырысы аяқталды, деп хабарлады Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
Сот шенеунікті атқан Ернар Жиембайды 9 жылға бас бостандығынан айырды.
Прокурор бұған дейін сотталушыны 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Алайда сот қысқа мерзім белгіледі.
Еске салайық, 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Шымкент қалалық әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылды. Күдікті ұсталды. Берденовке ота жасалды.
Бұған дейінгі сот отырысында Ернар Жиембай жұмыстан шығарылғаны үшін емес, қызғаныштан оқ атқанын мәлімдеді. Айтуынша әйелінің телефонынан Берденовтің "сен әдемісің" деп жазған сөзін көріп қалған. "Әйелімнің суретіне лайк басыпты" дейді ол. Осылайша күдікті қатты қызғанышқа бой алдырған көрінеді.
Ал Руслан Берденов сот отырысында күдіктінің айтқан сөзін жоққа шығарды. Ол келіспеушілік кәсіби, қызметтік сипатта болғанын айтты.

"Жауапкер келісім аясындағы жұмысын адал атқарғысы келмеді, есеп беруден жалтарды. Мен тек ашықтық пен міндеттемелердің орындалуын талап еттім. Ал қоғам назарын "қызғаныш", "жеке қатынас", "жұбайы" секілді жалған себептерге бұру - манипуляция, шындықтан алыстату. Мен оның жұбайын да, отбасын да танымаймын. Ол мен үшін тек мердігер болатын", - деген Берденов.

Ақмарал Әлназарова - денсаулық сақтау министрі - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2025
Министр оқ атылған Берденовтің қазіргі жағдайы туралы айтты
Жаңалықтар
0