АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бүгін апелляциялық тәртіпте Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған тоғыз адамға қатысты қылмыстық істі қарады.
Осы жылдың 5 маусымындағы бірінші сатыдағы соттың үкімімен келіспеген сотталғандар мен олардың қорғаушылары апелляциялық тәртіппен шағымданған болатын.
Дегенмен, бүгінгі сот алқасының тиісті қаулысымен үкім мен жеке қаулы өзгеріссіз қалдырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Еске салайық, былтыр қазанда көз жұмған Шерзат Полаттың өліміне қатысы бар деп айыпталған 9 күдіктіге 5 маусымда сот үкімі шықты. 56 күнге созылған сот отырысы Талдықорғанда өтті.
Бірінші сатыдағы соттың үкімімен:
Абзал Шынасыл 23 жылға,
Равиль Сәкиев 20 жылға,
Шыңғыс Белғожаев 7 жылға,
Дархан Әскентай 7 жылға,
Нұрқияс Ілиясов 9 жылға,
Азамат Тоқтаубаев 15 жылға,
Нұрбол Тоқтаубаев 7 жылға,
Дидар Қалиахмет 7 жылға,
Думан Ысқақов 1,6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Думан Ысқақтың тергеу изоляторында өткізген уақыты есепке алынып, соның негізінде ол 23 шілдеде түрмеден босап шықты.