https://sputnik.kz/20250819/sherzat-polattyn-olimine-qatysty-sot-ukimi-ozgerissiz-qaldyryldy-56442433.html
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды
Sputnik Қазақстан
Сотталғандар бірінші сатыдағы сот үкімімен келіспей, апелляцияға берген болатын 19.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-19T11:23+0500
2025-08-19T11:23+0500
2025-08-19T11:30+0500
шерзат полат
сот үкімі
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0c/47799022_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_0055753c357dfcb7d984cf8d4d7d3aad.jpg
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бүгін апелляциялық тәртіпте Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған тоғыз адамға қатысты қылмыстық істі қарады.Осы жылдың 5 маусымындағы бірінші сатыдағы соттың үкімімен келіспеген сотталғандар мен олардың қорғаушылары апелляциялық тәртіппен шағымданған болатын.Дегенмен, бүгінгі сот алқасының тиісті қаулысымен үкім мен жеке қаулы өзгеріссіз қалдырылды.Үкім заңды күшіне енді.Еске салайық, былтыр қазанда көз жұмған Шерзат Полаттың өліміне қатысы бар деп айыпталған 9 күдіктіге 5 маусымда сот үкімі шықты. 56 күнге созылған сот отырысы Талдықорғанда өтті.Бірінші сатыдағы соттың үкімімен:Думан Ысқақтың тергеу изоляторында өткізген уақыты есепке алынып, соның негізінде ол 23 шілдеде түрмеден босап шықты.
https://sputnik.kz/20250605/sherzat-polattyn-isi-kuagerlerge-qatysty-tergeu-zhurgiziledi-54328166.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0c/47799022_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_20fc53b431940648f3e928c19a76bff9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шерзат полат , сот үкімі, қылмыс
шерзат полат , сот үкімі, қылмыс
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды
11:23 19.08.2025 (жаңартылды: 11:30 19.08.2025) Сотталғандар бірінші сатыдағы сот үкімімен келіспей, апелляцияға берген болатын
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бүгін апелляциялық тәртіпте Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған тоғыз адамға қатысты қылмыстық істі қарады.
Осы жылдың 5 маусымындағы бірінші сатыдағы соттың үкімімен келіспеген сотталғандар мен олардың қорғаушылары апелляциялық тәртіппен шағымданған болатын.
Дегенмен, бүгінгі сот алқасының тиісті қаулысымен үкім мен жеке қаулы өзгеріссіз қалдырылды.
Еске салайық, былтыр қазанда көз жұмған Шерзат Полаттың өліміне қатысы бар деп айыпталған 9 күдіктіге 5 маусымда сот үкімі шықты. 56 күнге созылған сот отырысы Талдықорғанда өтті.
Бірінші сатыдағы
соттың үкімімен:
Шыңғыс Белғожаев 7 жылға,
Азамат Тоқтаубаев 15 жылға,
Нұрбол Тоқтаубаев 7 жылға,
Думан Ысқақов 1,6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Думан Ысқақтың тергеу изоляторында өткізген уақыты есепке алынып, соның негізінде ол 23 шілдеде түрмеден
босап шықты.