Шерзат ісі бойынша сотталғандардың бірі түрмеден шықты

Шерзат ісі бойынша сотталғандардың бірі түрмеден шықты
Шерзат ісі бойынша сотталғандардың бірі түрмеден шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2025
Жазылу
Жасөспірім ауыр қылмысты хабарламағаны үшін 1,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Шерзат ісі бойынша сотталғандардың бірі түрмеден шықты. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев хабарлады.
Марқұм Шерзат ісі бойынша сотталған Думан Ысқақ ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін 1 жыл 6 айға сотталған еді.
"Ол бірінші сатыдағы үкім жазасын өтеп қойғандықтан Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың 2025 жылдың 23 шілдедегі сот қаулысымен бұлтартпай шарасы жойылып, қамаудан босатылды, - деді адвокат Мейірман Шекеев.
Оның тергеу изоляторында өткізген уақыты есепке алынып, соның негізінде түрмеден босап шыққан.
Еске сала кетейік, 2024 жылы 3 қазан күні түнде 16 жастағы Шерзат Полат төбелес кезінде көз жұмды. Іске қатысы бар 9 азамат сотталған болатын.
Адвокаттың сөзінше, Шерзат ісі бойынша апелляциялық сот 18 тамызда өтеді.
Шерзат Полат өліміне қатысты сот отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2025
Шерзат Полаттың өлімі: 9 күдіктіге сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0