АСТАНА, 5 наурыз– Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ескертуден кейін қосымша салық төлеген блогерлердің санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін салықшылар 594 блогердің ішінен 12 адам қосымша салық декларациясымен 1,4 млрд теңгені көрсетіп, 74 млн теңгенің салығын төлеп тастағанын айтқан. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің сөзіне қарағанда, салық төлеген блогерлердің саны артты.
"Бүгінде 15 блогер 1,5 млрд теңгені көрсетіп, бюджетке 75 млн теңге төлеп қойды", - деді Жұманғарин мәжілісте өткен брифингте.