Үкімет салық жеңілдіктерін 800 млрд теңгеге қысқартады

© Sputnik / Санат Имангалиев Sputnik / Санат ИмангалиевАрман Касенов
Арман Касенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Жазылу
Салық жеңілдіктері мақсатты, нақты және орынды болуы керек, деді ұлттық экономика вице-министрі
АСТАНА, 4 наурыз — Sputnik. Үкімет салық жеңілдіктерінің санын 800 миллиард теңгеге қысқартады. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді.
"Салық жеңілдіктерін қысқарту – бұл мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту шарасы. Бұл шара шынымен де қарастырылған және мемлекет қаржысын қалыпқа келтіруге ықпал етеді. Оңтайландыру 800 миллиард теңге деңгейінде болады", - деді вице-министр журналистердің сұрағына жауап бере отырып.
Сонымен бірге ол "талқылау әлі де жалғасып жатқанын, бірақ тұтастай алғанда бұл дұрыс бағыт екенін" айтты.
"Салық жеңілдіктерін азайту керек. Олар шын мәнінде мақсатты, нақты және орынды болуы керек", - дейді Арман Қасенов.
2024 жылдың наурызында елдегі салық жеңілдіктерінің көлемін кем дегенде 20%-ға қысқартуды жоспарлап отырғаны белгілі болды. Салық жеңілдіктерін тиімді пайдалану мониторингін кшейту үшін салық жеңілдіктеріне талдау және бағалау, сондай-ақ оларды түгендеу ұсынылды.
2024 жылдың қыркүйегінде жалпы сомасы 1 300 миллиард теңгеден асатын 110 салық жеңілдігін жою ұсынылды. 400 миллиард теңгеден асатын 29 салық жеңілдігінің қолданылу мерзімін шектеу ұсынылды.
Налоговый кодекс РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2025
Арнаулы салық режиміне қандай өзгеріс енгізіледі
Жаңалықтар
0