https://sputnik.kz/20250227/arnauly-salyq-rezhimine-qanday-ozgeris-engiziledi-51212141.html
Арнаулы салық режиміне қандай өзгеріс енгізіледі
Арнаулы салық режиміне қандай өзгеріс енгізіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 ақпан– Sputnik. Ұлттық экономика министрлігі арнаулы салық режимін реформалауды жоспарлап отыр. Бүгін мәжіліс депутаттарына ұсыныстар таныстырылды... 27.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-27T19:20+0500
2025-02-27T19:20+0500
2025-02-27T19:20+0500
салық
https://sputnik.kz/img/366/86/3668613_0:162:2016:1296_1920x0_80_0_0_d78a95160fad660d4629505980e6b08e.jpg
АСТАНА, 27 ақпан– Sputnik. Ұлттық экономика министрлігі арнаулы салық режимін реформалауды жоспарлап отыр. Бүгін мәжіліс депутаттарына ұсыныстар таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қолданыстағы жеңілдетілген декларация мен бөлшек сауда режимінде салықтың мөлшері 3-8 процент аралығында. Бұдан бөлек, жылдық табыс пен жұмысшылардың санына қатысты шектеулер бар.Ұлттық экономика министрлігі жеңілдетілген декларация мен бөлшек сауда режимінің орнына тікелей халықпен жұмыс істейтін салалар үшін жеңілдетілген декларация режимін енгізуді ұсынып отыр. Негізгі талаптар:Айта кетері, B2C (business-to-consumer) сегментіне, яғни тікелей тұтынушыларға тауар мен қызмет сататын бизнесмендер кіреді. Осылайша дүкендер, шаштараздар, фитнес орталықтар, жеке меншік мектептер, кинотеатрлар және тағы басқа тікелей халыққа қызмет көрсететін кәсіпкерлер бұрынғыдай арнайы салық режимін пайдалана береді.
https://sputnik.kz/20250227/qosylgan-qun-salygyna-qatysty-zhana-usynystar-zhariyalandy-51209871.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/366/86/3668613_178:0:1930:1314_1920x0_80_0_0_54f3362d747e9896e6d5d2a4a25ecbca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық
Арнаулы салық режиміне қандай өзгеріс енгізіледі
АСТАНА, 27 ақпан– Sputnik. Ұлттық экономика министрлігі арнаулы салық режимін реформалауды жоспарлап отыр. Бүгін мәжіліс депутаттарына ұсыныстар таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қолданыстағы жеңілдетілген декларация мен бөлшек сауда режимінде салықтың мөлшері 3-8 процент аралығында. Бұдан бөлек, жылдық табыс пен жұмысшылардың санына қатысты шектеулер бар.
Ұлттық экономика министрлігі жеңілдетілген декларация мен бөлшек сауда режимінің орнына тікелей халықпен жұмыс істейтін салалар үшін жеңілдетілген декларация режимін енгізуді ұсынып отыр. Негізгі талаптар:
Табыс шегі – жылына 2 359 млн,
Қызметкерлер саны – шектеусіз,
Егер сатудан түскен табыс жылына 100 млн теңгеден асатын болса, ЕТҚ шегеріледі,
Мөлшерлеме – 4% (- 50% - мәслихат құқығы),
Тек B2C (халық, жеке тұлғалар) үшін іске асыру.
Айта кетері, B2C (business-to-consumer) сегментіне, яғни тікелей тұтынушыларға тауар мен қызмет сататын бизнесмендер кіреді. Осылайша дүкендер, шаштараздар, фитнес орталықтар, жеке меншік мектептер, кинотеатрлар және тағы басқа тікелей халыққа қызмет көрсететін кәсіпкерлер бұрынғыдай арнайы салық режимін пайдалана береді.