https://sputnik.kz/20250219/salyqtan-zhaltargan-blogerlerge-qatysty-qylmystyq-is-qozgala-ma--qma-zhauap-berdi-50989981.html
Салықтан жалтарған блогерлерге қатысты қылмыстық іс қозғала ма – ҚМА жауап берді
Салықтан жалтарған блогерлерге қатысты қылмыстық іс қозғала ма – ҚМА жауап берді
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін жүздеген адамның өз декларациясында табысты 53,3 миллиард теңгеге төмендетіп көрсеткені белгілі болды 19.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-19T14:13+0500
2025-02-19T14:13+0500
2025-02-19T14:20+0500
салық
блогер
https://sputnik.kz/img/1255/65/12556578_0:107:2048:1259_1920x0_80_0_0_06bacb2f30478fb1f85a9220816da706.jpg
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов салықтық қарызы бар блогерлер қандай жағдайда қылмыстық жазаға тартылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін салықшылар жүздеген адамның өз декларациясында табысты 53,3 миллиард теңгеге төмендетіп көрсеткенін мәлімдеді. Олардың ішінде блогерлер де бар. Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтың айтуынша, әзірше блогерлердің салық бойынша берешегіне қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ.Оның сөзіне қарағанда, заңда нақты сома белгіленген. Егер одан артық болса, онда қылмыстық іс қозғалады. Ал төмен болған жағдайда блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.Айта кетері, заң бойынша бюджетке төленбеген салықтың көлемі 50 000 АЕК-тен (2025 жылда 196 600 000 теңгеден) асқан жағдайда қылмыстық іс қозғалады. Ал Қылмыстық кодекстің 245-бабы (бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару) бойынша 2 000 АЕК-ке (7 864 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20250206/aleumettik-salyqtan-basqa-tolemderdi-de-alyp-tastau-zhoninde-usynys-tusti--zhumangarin-50591457.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/65/12556578_114:0:1935:1366_1920x0_80_0_0_2ab70ded8dcf3c12e67b946d2d0f527a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, блогер
Салықтан жалтарған блогерлерге қатысты қылмыстық іс қозғала ма – ҚМА жауап берді
14:13 19.02.2025 (жаңартылды: 14:20 19.02.2025) Бұған дейін жүздеген адамның өз декларациясында табысты 53,3 миллиард теңгеге төмендетіп көрсеткені белгілі болды
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов салықтық қарызы бар блогерлер қандай жағдайда қылмыстық жазаға тартылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін салықшылар жүздеген адамның өз декларациясында табысты 53,3 миллиард теңгеге
төмендетіп көрсеткенін мәлімдеді. Олардың ішінде блогерлер де бар. Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтың айтуынша, әзірше блогерлердің салық бойынша берешегіне қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ.
"Иә, мен блогерлер туралы ақпаратты оқыдым. Үлкен сомалар жарияланды. Иә, қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық іс қозғай алады. Бірақ оған дейін құзіретті мемлекеттік орган тексеріс өткізіп, төленбеген салық бойынша мемлекетке келген нақты шығынның сомасын көрсетуі керек", - деді Елемесов мәжілісте өткен брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, заңда нақты сома белгіленген. Егер одан артық болса, онда қылмыстық іс қозғалады. Ал төмен болған жағдайда блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Айта кетері, заң бойынша бюджетке төленбеген салықтың көлемі 50 000 АЕК-тен (2025 жылда 196 600 000 теңгеден) асқан жағдайда қылмыстық іс қозғалады. Ал Қылмыстық кодекстің 245-бабы (бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару) бойынша 2 000 АЕК-ке (7 864 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.