Салықтан жалтарған блогерлерге қосымша бір ай уақыт берілді

© © Sputnik / Абзал КалиевАқша, теңге
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті жүздеген жеке тұлғаның декларациясында табысты төмендетіп көрсеткенін анықтады. Олардың ішінде блогерлер де бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Салықшылар декларацияларды тексеру кезінде мемлекеттік органдар мен банктерден алынған ақпаратпен де салыстырып отырады. Осы жолы 594 жеке тұлға өз табысын 53,3 миллиард теңгеге төмендетіп көрсеткен.
"Осыған байланысты 13-14 ақпан аралығында кірістерді төмендету бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілді. Хабарламаны орындау үшін дербес есептелген салықтарды төлей отырып, қосымша салық есептілігі тапсырылады немесе хабарламамен келіспеген жағдайда түсіндірмені ұсыну қажет", - дейді салықшылар.
Камералдық бақылау хабарламасы 30 жұмыс күні ішінде орындалуы шарт.
Фоторепортаж о буднях мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2025
Салық кодексіне қатысты түзетулер 20 ақпанға дейін мәжілістің қарауына енгізіледі
Жаңалықтар
0