https://sputnik.kz/20250211/salyq-kodeksinin-zhobasyna-tuzetuler-20-aqpanga-deyin-mazhiliske-engiziledi-50760997.html
Салық кодексіне қатысты түзетулер 20 ақпанға дейін мәжілістің қарауына енгізіледі
Салық кодексіне қатысты түзетулер 20 ақпанға дейін мәжілістің қарауына енгізіледі
Sputnik Қазақстан
Қосылған құн салығына қатысты соңғы ұсынысты парламентке енгізу мерзімі өзгерген жоқ 11.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-11T11:46+0500
2025-02-11T11:46+0500
2025-02-11T11:48+0500
салық
https://sputnik.kz/img/07e7/06/08/35747745_0:256:2730:1792_1920x0_80_0_0_91edfb141b8df961f3b21c29e620e77a.jpg
АСТАНА, 11 ақпан– Sputnik. Үкімет қосылған құн салығына қатысты соңғы ұсынысты бір аптадан кейін парламенттің қарауына енгізеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкімет бастамаларын өңірлердегі бизнес-қауымдастықтардың қатысуымен талқылау үшін 6 жұмыс тобы құрылды.Еске сала кетейік, үкіметтің бүгінгі отырысында қосылған құн салығына қатысты соңғы ұсыныстар қаралды. Оған сәйкес, кәсіпкерлер үшін қосылған құн салығының базалық мөлшерлемесі 16 процент деңгейінде бекітіледі. Одан кейін 10 проценттік салық болады. Оны денсаулық және тағы бірқатар салаларда енгізеді. Ауыл шаруашылығы өнім өндірушілері үшін ешқандай салық болмайды.
https://sputnik.kz/20250211/saralangan-qun-salygy-engizilgen-zhagdayda-tauar-bagasy-qalay-ozgeredi-50756093.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/08/35747745_1:0:2730:2047_1920x0_80_0_0_94cdfb91b75b8c1ca082ed1f6bbb49bf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық
Салық кодексіне қатысты түзетулер 20 ақпанға дейін мәжілістің қарауына енгізіледі
11:46 11.02.2025 (жаңартылды: 11:48 11.02.2025) Қосылған құн салығына қатысты соңғы ұсынысты парламентке енгізу мерзімі өзгерген жоқ
АСТАНА, 11 ақпан– Sputnik. Үкімет қосылған құн салығына қатысты соңғы ұсынысты бір аптадан кейін парламенттің қарауына енгізеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жалпы ұсыныстарды қолдаймыз. Осы аптада өңірлерге барып, халықтың барлық санатымен егжей-тегжейлі талқылау керек. Мен де Астанада және өңірлерге барып, талқылаулар өткіземін. Осы жұмыстың нәтижесі бойынша Салық кодексінің жобасы мен ілеспе заң жобасына түзетулерді 20 ақпанға дейін мәжіліске енгізу керек. Ары қарай мәжілісте талқылауды жалғастырамыз", — деді Олжас Бектенов.
Үкімет бастамаларын өңірлердегі бизнес-қауымдастықтардың қатысуымен талқылау үшін 6 жұмыс тобы құрылды.
Еске сала кетейік, үкіметтің бүгінгі отырысында қосылған құн салығына қатысты соңғы ұсыныстар қаралды. Оған сәйкес, кәсіпкерлер үшін қосылған құн салығының базалық мөлшерлемесі 16 процент деңгейінде бекітіледі. Одан кейін 10 проценттік салық болады. Оны денсаулық және тағы бірқатар салаларда енгізеді. Ауыл шаруашылығы өнім өндірушілері үшін ешқандай салық болмайды.