Жетісу облысында республикалық тас жолдың бір учаскесі жабылды

Sputnik
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдың бір учаскесін жабуға шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"ҚазАвтоЖол" компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, облыста Көктұма станциясы жақта ауа райы нашарлап кетті.
"2024 жылғы 24 қарашада сағат 15:30-да Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Үшарал-Достық” автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма стансасынан Достық ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, бұған дейін Қазгидромет алдағы 3 күннің ауа райы болжамын жариялаған болатын. Оған сәйкес, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады.
Адам өлімі болған жол апатынан кейін техникалық бақылаудың маманы жауапқа тартылды