https://sputnik.kz/20241124/zhetisu-oblysynda-respublikalyq-tas-zholdyn-bir-uchaskesi-zhabyldy--48768423.html
Жетісу облысында республикалық тас жолдың бір учаскесі жабылды
Жетісу облысында республикалық тас жолдың бір учаскесі жабылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдың бір учаскесін жабуға шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik... 24.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-24T15:56+0500
2024-11-24T15:56+0500
2024-11-24T15:58+0500
жетісу облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/19/41188985_0:320:3072:2048_1920x0_80_0_0_15a6c70fa712325a57b583b420b23af4.jpg
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдың бір учаскесін жабуға шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."ҚазАвтоЖол" компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, облыста Көктұма станциясы жақта ауа райы нашарлап кетті.Айта кетері, бұған дейін Қазгидромет алдағы 3 күннің ауа райы болжамын жариялаған болатын. Оған сәйкес, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады.
https://sputnik.kz/20241123/adam-olimi-bolgan-zhol-apatynan-keyin-tekhnikalyq-baqylaudyn-mamany-zhauapqa-tartyldy-48753330.html
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/19/41188985_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_389136f8338e0a6d093703f61ce6ffac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу облысы
Жетісу облысында республикалық тас жолдың бір учаскесі жабылды
15:56 24.11.2024 (жаңартылды: 15:58 24.11.2024) АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдың бір учаскесін жабуға шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"ҚазАвтоЖол" компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, облыста Көктұма станциясы жақта ауа райы нашарлап кетті.
"2024 жылғы 24 қарашада сағат 15:30-да Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Үшарал-Достық” автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма стансасынан Достық ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, бұған дейін Қазгидромет алдағы 3 күннің ауа райы болжамын
жариялаған болатын. Оған сәйкес, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады.