Адам өлімі болған жол апатынан кейін техникалық бақылаудың маманы жауапқа тартылды

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуСотрудник сервисного центра осматривает автомобиль
Сотрудник сервисного центра осматривает автомобиль - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Қостанай облысында техникалық бақылауды дұрыс жасамаған маман жауапқа тартылды. Оның қателігінен кейін адам өліміне әкеліп соққан жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Биыл тамыз айында Mercedes-Benz жүргізушісі жолда жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол адам оқиға орнында көз жұмды. Сол кезде жүргізуші көлігін тоқтатуға тырысқанын айтты. Бірақ жолда тежегіштің іздері табылмады. Ал тергеу барысында көліктің тежегіш жүйесінде айтарлықтай ақау болғаны анықталды.
Дөңгелектердің бірінде тежегіш дискісі жоқ болып шықты. Соның салдарынан көлікті тоқтату мүмкіндігі күрт төмендеп кеткен. Апатқа дейін бес күн бұрын бұл көлік міндетті техникалық байқаудан өткен.
Техникалық байқау станциясының маманары көліктің тежегіш жүйесіндегі анық ақауларға қарамастан, оған жарамды деген рұқсат берген. Соттың шешімімен көлік жүргізушісі екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, бес жылға жүргізуші куәлігінен айыруға үкім шығарылды. Техникалық байқауды жасаған кәсіпкер де жауапқа тартылды.
Жаңалықтар
0