23 градусқа дейін аяз: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

© Sputnik / Санат ИмангалиевСнег в Астане
Снег в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Қазгидромет алдағы 3 күннің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын Сібір антициклоны қалыптастырады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады.
Ел бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта қар түседі.
Синоптиктердің болжамы бойынша Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде 10-18 градус аяз, еліміздің қиыр шығысында 23 градусқа дейін төмендейді.
Зимняя дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2024
Ақылы жолдардағы ауа райы жағдайын онлайн көруге болады
Жаңалықтар
0