Ақылы жолдардағы ауа райы жағдайын онлайн көруге болады

© Sputnik / Абзал КалиевЗимняя дорога
Зимняя дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы ауа райы жағдайын онлайн режимде көруге болатынын еске салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде 17 ақылы жолда 74 камера орнатылды. Соның арқасында көлік жүргізушілері автожолдардағы ауа райы жағдайын көріп, өз сапарын алдын ала жоспарлай алады.
"Қыс мезгілінде Kaztoll.kz сайты мен Sapar мобильді қосымшасын жиі қолдануды ұсынамыз. Біздің Телеграм арнамыздан және 1403 байланыс орталығынан да қажетті ақпараттарды алуға болады", - дейді компания мамандары.
Айта кетері, бұған дейін Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарының полициясы ауа айының қолайсыздығына байланысты халыққа үндеу жасады.
Жаңалықтар
0