Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарының полициясы тұрғындарға үндеу жасады

© Sputnik / Владислав ВодневНоябрьский снегопад в Нур-Султане
Ноябрьский снегопад в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысының бас полицейі Нұрсұлтан Мукашев тәртіп сақшыларына өңірдің барлық жолдарын қарқынды патрульдеуді тапсырды.

11-13 қазан аралығында полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді.
Қазір жолдарда болып жатқан жағдайды ескере отырып, сағат 18:00-де Астана – Петропавл автожолына, Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейін, 18-ден 304 км-ге дейін барлық көлік құралдары үшін қозғалысты шектеу енгізілетін болады.
Полиция бұл күндері автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге абай болуды ескертеді және жүргізушілерді көліктерін дайындауға, дөңгелектерді қысқы резеңкеге ауыстыруға шақырады.
Петропавлда алғашқы қар жауды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері тұрғындарды жолдағы жағдайдың шұғыл өзгеруіне дайын болуды ескертеді.
"Қазавтожол" мәліметінше, Ақмола облысында жолдың жабылуына байланысты 2024 жылғы 11 қазанда сағат 19:30-дан бастап Солтүстік Қазақстан облысының аумағында көліктің барлық түрінің қозғалысына келесі автожолдардың учаскесінде шектеу қойылады:
- А-1 "Астана - Петропавл" жолының 341-367 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Келлеровка ауылына дейін);
- А-13 "Көкшетау - Омбы" жолының 50-54 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Чкалово ауылына дейін);
- Р-11 "Көкшетау - Рузаевка" жолының 61-91 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Айыртау ауданы Саумалкөл ауылына дейін).
Қостанай облысында алдағы күндері аймақта жаңбыр мен қар, боран мен көктайғақ түрінде жауын-шашын күтіледі.
Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін, ал ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді.
Дауылдың алдын алуға байланысты тәртіп сақшылары жолдарда аса сақ болуға шақырады.
Қысқы дөңгелекті уақтылы ауыстыру
Мүмкіндігінше алыс жолға шықпау
Жылдамдық режимін және қауіпсіз ара-қашықтықты сақтау
ТЖМ жариялаған хабарламаларды міндетті түрде бақылауда ұстау қажет.
Жаңалықтар
0