Қазақстанның солтүстігінде тұрғындар қайықпен эвакуацияланып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайы тұрақты, әрі күрделі
Sputnik
АСТАНА, 10 сәуір - Sputnik. Қазақстанның солтүстігінде Бірлік ауылының тұрғындары қайықпен эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Қазіргі уақытта Ұлытау мен Түркістан облыстарының құтқарушылары ауыл тұрғындарын алдын ала эвакуациялау бойынша операцияны орындауда. Петровка және Николаевка ауылдарының тұрғындары қауіпсіз жерлерге жүзу құралдарымен эвакуацияланып жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайы тұрақты, әрі күрделі. Есіл өзенінің деңгейінің көтерілуіне байланысты Петропавл қаласының жекелеген учаскелерін қоса алғанда, 33 елді мекенді су басу қаупі сақталуда. Өңірге ТЖ министрі Чингиз Аринов келді. Жағдай оның жеке бақылауында.
Айта кетері, өңірдегі Сергеев су қоймасы 2017 жылғы тасқынның көрсеткіштерінен әлдеқайда асып түсті. Сондықтан, елді-мекендер мен облыс орталығын судан қорғау үшін күні-түні іс-қимылдар атқарылып жатыр.
Сергеев су қоймасы 50 жылда алғаш рет қауіпті деңгейге көтерілді