https://sputnik.kz/20240410/qazaqstannyn-soltustiginde-turgyndar-qayyqpen-evakuatsiyalanyp-zhatyr-43590194.html
Қазақстанның солтүстігінде тұрғындар қайықпен эвакуацияланып жатыр
Қазақстанның солтүстігінде тұрғындар қайықпен эвакуацияланып жатыр
Sputnik Қазақстан
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайы тұрақты, әрі күрделі 10.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-10T18:27+0500
2024-04-10T18:27+0500
2024-04-10T18:27+0500
солтүстік қазақстан облысы
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1f/43309716_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_65b8e2c2086da46f9c5cd54b80b175c5.jpg
АСТАНА, 10 сәуір - Sputnik. Қазақстанның солтүстігінде Бірлік ауылының тұрғындары қайықпен эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.Қазіргі уақытта Ұлытау мен Түркістан облыстарының құтқарушылары ауыл тұрғындарын алдын ала эвакуациялау бойынша операцияны орындауда. Петровка және Николаевка ауылдарының тұрғындары қауіпсіз жерлерге жүзу құралдарымен эвакуацияланып жатыр.Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайы тұрақты, әрі күрделі. Есіл өзенінің деңгейінің көтерілуіне байланысты Петропавл қаласының жекелеген учаскелерін қоса алғанда, 33 елді мекенді су басу қаупі сақталуда. Өңірге ТЖ министрі Чингиз Аринов келді. Жағдай оның жеке бақылауында.Айта кетері, өңірдегі Сергеев су қоймасы 2017 жылғы тасқынның көрсеткіштерінен әлдеқайда асып түсті. Сондықтан, елді-мекендер мен облыс орталығын судан қорғау үшін күні-түні іс-қимылдар атқарылып жатыр.
https://sputnik.kz/20240408/sergeev-su-qoymasy-50-zhylda-algash-ret-qauipti-dengeyge-koterildi-43524706.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1f/43309716_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_dd0a02fb93b40d9770255062463a77e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, су тасқыны
солтүстік қазақстан облысы, су тасқыны
Қазақстанның солтүстігінде тұрғындар қайықпен эвакуацияланып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайы тұрақты, әрі күрделі
АСТАНА, 10 сәуір - Sputnik. Қазақстанның солтүстігінде Бірлік ауылының тұрғындары қайықпен эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Қазіргі уақытта Ұлытау мен Түркістан облыстарының құтқарушылары ауыл тұрғындарын алдын ала эвакуациялау бойынша операцияны орындауда. Петровка және Николаевка ауылдарының тұрғындары қауіпсіз жерлерге жүзу құралдарымен эвакуацияланып жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайы тұрақты, әрі күрделі. Есіл өзенінің деңгейінің көтерілуіне байланысты Петропавл қаласының жекелеген учаскелерін қоса алғанда, 33 елді мекенді су басу қаупі сақталуда. Өңірге ТЖ министрі Чингиз Аринов келді. Жағдай оның жеке бақылауында.
Айта кетері, өңірдегі Сергеев су қоймасы 2017 жылғы тасқынның көрсеткіштерінен әлдеқайда
асып түсті. Сондықтан, елді-мекендер мен облыс орталығын судан қорғау үшін күні-түні іс-қимылдар атқарылып жатыр.