https://sputnik.kz/20240408/onirde-tasqyn-zhagday-kurdeli-bolyp-barady---soltustik-qazaqstan-oblysynyn-akimi-43520386.html
Өңірде тасқын жағдай күрделі болып барады - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Өңірде тасқын жағдай күрделі болып барады - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Sputnik Қазақстан
Сергеев қоймасындағы судың деңгейі 2017 жылғы тасқынның көрсеткіштерінен әлдеқайда асып түсті 08.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-08T15:40+0500
2024-04-08T15:40+0500
2024-04-08T15:44+0500
солтүстік қазақстан облысы
тасқын
https://sputnik.kz/img/353/28/3532891_0:113:1200:788_1920x0_80_0_0_1a004df003ce4a303e8fcdbb3d40f3e8.jpg
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Өңірде тасқын жағдай күрделі болып барады. Бүгін таңертең Сергеев су қоймасында асып төгілу 415 см құрады, деп жазды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.Облыста мемлекет басшысының тапсырмасына сай жұмыс бабымен премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жүр. Бірінші вице-премьер тасқын жағдайына байланысты жиналыс өткізді, стратегиялық маңызы бар нысандар мен бөгеттердің жағдайын тексерді. "Уақыт тапшы": Скляр Петропавлдың стратегиялық нысанын қорғауға тапсырма бердіҚұрылыс және жол компанияларының басшыларымен кездесіп, су тасқынына қарсы шараларға қатысуға үндеді. Үлкен су келген ауылдардың тұрғындарымен жүздесіп, мемлекет барлық көмекті жасайтынын жеткізді.Склярдың тапсырмасы бойынша бөгеттерді нығайту және оларды ұзарту, күштер мен арнайы техниканың санын көбейту, мобилді топтар құру бойынша жұмыстар атқарылуда.
https://sputnik.kz/20240324/soltustik-qazaqstan-oblysynda-su-tasqynyna-qarsy-zhumystar-zhurgizilip-zhatyr-43165631.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/353/28/3532891_0:0:1200:900_1920x0_80_0_0_3ec1cf6c587a17276528c2cf0af8530e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, тасқын
солтүстік қазақстан облысы, тасқын
Өңірде тасқын жағдай күрделі болып барады - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
15:40 08.04.2024 (жаңартылды: 15:44 08.04.2024) Сергеев қоймасындағы судың деңгейі 2017 жылғы тасқынның көрсеткіштерінен әлдеқайда асып түсті
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Өңірде тасқын жағдай күрделі болып барады. Бүгін таңертең Сергеев су қоймасында асып төгілу 415 см құрады, деп жазды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.
"Өңірде тасқын жағдай күрделі болып барады. Бүгін таңертең Сергеев су қоймасында асып төгілу 415 см құрады. 2017 жылғы тасқынның көрсеткіштерінен әлдеқайда асып түсті. Сондықтан, елді-мекендер мен облыс орталығын судан қорғау үшін күні-түні іс-қимылдар жасалуда. Ең бастысы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру және мүлікті сақтауға, үлкен судың келе жатқаны туралы дер кезінде ақпарат беруге көп көңіл бөлу керек", – деп жазды СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
Облыста мемлекет басшысының тапсырмасына сай жұмыс бабымен премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жүр. Бірінші вице-премьер тасқын жағдайына байланысты жиналыс өткізді, стратегиялық маңызы бар нысандар мен бөгеттердің жағдайын тексерді.
Құрылыс және жол компанияларының басшыларымен кездесіп, су тасқынына қарсы шараларға қатысуға үндеді. Үлкен су келген ауылдардың тұрғындарымен жүздесіп, мемлекет барлық көмекті жасайтынын жеткізді.
Склярдың тапсырмасы бойынша бөгеттерді нығайту және оларды ұзарту, күштер мен арнайы техниканың санын көбейту, мобилді топтар құру бойынша жұмыстар атқарылуда.