АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Қазақстандық экс-генерал Күдебаевқа шекара асуға көмектескен 5 қырғызстан азаматы сотталды, деп хабарлайды 24.kg
Бұған дейін барлық айыпталушылар кінәсін мойындау туралы келісімге қол қойған.
"Істің төрт қатысушысы — қарапайым тұрғындар, ал бесіншісі— ҰҚКД Шекара қызметінің бұрынғы қызметкері болған. Істі республиканың Әскери прокуратурасы жүргізді. Тергеу аяқталғаннан кейін материалдар сотқа берілді. Барлық қатысушыларға 350 мың сом айыппұл салынды", —деп хабарлады Қырғыз редакциясы.
Естеріңізге сала кетейік, Серік Қүдебаевқа лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, өткен жылдың қаңтар айындағы оқиғалар кезінде полиция бастығы жеке құрамды таратып, полиция департаментінің ғимаратын тастап, шабуылдаушыларға қару-жарақ пен оқ-дәрілерді иемденуге еркін қол жеткізуге мүмкіндік берген. Бірақ экс-генерал тағылған айыппен келіспеді.
Көп ұзамай Күдебаевтың шекара асып, қашып кеткені белгілі болды. Кейіннен оның Қырғызстан шекарасы арқылы Түркияға кетіп қалғаны туралы ақпарат тарады.
Қазақстандық құқық қорғау органдарын әуреге салған экс-министрдің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Алайда Күдебаевтың баласы әкесін ешкімнің ұстап әкелмегенін, өз еркімен елге оралғанын айтып, бейнеүндеу жариялады.
Алматы Полиция департаментінің бұрыңғы басшысы Серік Күдебаев 10 жылға сотталды.