https://sputnik.kz/20230428/kudebaevqa-sot-ukimi-shyqty-34395342.html
Күдебаевқа сот үкімі шықты
Күдебаевқа сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Талдықорған сотының үкімімен Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан... 28.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-28T15:47+0500
2023-04-28T15:47+0500
2023-04-28T16:16+0500
сот
үкім
қоғам
https://sputnik.kz/img/556/94/5569487_0:0:2992:1683_1920x0_80_0_0_0696ce875840d2e1a8e90fe768bafe12.jpg
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Талдықорған сотының үкімімен Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан хабарлады. Бүгін қашқын генерал-майор Талдықорған сотына жеткізілген болатын. Экс-полицей сотта соңғы сөзін сөйледі. Күдебаев қаңтар оқиғасы кезінде өз халқына оқ атпағанын мәлімдеп, кінәсін мойындамады. Алайда сот Күдебаевты айыпты деп тапты.Судья мәлім еткендей, Серік Күдебаев Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-тармағы 1-тармақшасы "Азаптау" және 362-бабы 4-тармағы – Билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану" баптары бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді. Айта кетері, 28 сәуірде Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің елге өз еркімен оралғанын айтқан болатын.Еске салсақ, 27 сәуірде Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев ұсталғаны хабарланды. Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, ол Түркияда ұсталып, кейін елге жеткізілген.Серік Күдебаев 23 наурызда қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкектен Стамбулға ұшып кеткен. Ал 3 сәуір күні экс-полицейге халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.ҰҚК шетелге қашқан Күдебаевтың шекарадан ресми жұмыс істеп тұрған өткізу бекеттері арқылы өтпегенін мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20230428/general-qudebaev-sotta-songy-sozin-aytty-34388575.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/556/94/5569487_1167:160:2992:1529_1920x0_80_0_0_c52d45226ba89466c632aea8d31c3093.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, үкім
Күдебаевқа сот үкімі шықты
15:47 28.04.2023 (жаңартылды: 16:16 28.04.2023) АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Талдықорған сотының үкімімен Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы
Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан хабарлады.
Бүгін қашқын генерал-майор Талдықорған сотына жеткізілген болатын. Экс-полицей сотта соңғы сөзін сөйледі. Күдебаев қаңтар оқиғасы кезінде өз халқына оқ атпағанын мәлімдеп, кінәсін мойындамады. Алайда сот Күдебаевты айыпты деп тапты.
Судья мәлім еткендей, Серік Күдебаев Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-тармағы 1-тармақшасы "Азаптау" және 362-бабы 4-тармағы – Билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану" баптары бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді.
Айта кетері, 28 сәуірде Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің елге өз еркімен оралғанын
айтқан болатын.Еске салсақ, 27 сәуірде Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев ұсталғаны хабарланды. Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, ол Түркияда ұсталып, кейін елге жеткізілген.
Серік Күдебаев 23 наурызда қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкектен Стамбулға ұшып кеткен. Ал 3 сәуір күні экс-полицейге халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.
ҰҚК шетелге қашқан Күдебаевтың шекарадан ресми жұмыс істеп тұрған өткізу бекеттері арқылы өтпегенін мәлімдеді.