"Өз еркімен оралды": Күдебаевтың ұлы мәлімдеме жасады

© SputnikБеглый генерал Кудебаев вернулся в Казахстан по собственному желанию, утверждает его сын
Беглый генерал Кудебаев вернулся в Казахстан по собственному желанию, утверждает его сын - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Шетелде ұсталды деген генерал Күдебаевтың ұлы әкесінің елге өз еркімен оралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Арман Мырзақұлов тілшілерге сұхбат беріп, бұқаралық ақпарат құралдарында жалған ақпарат тарағанын айтты.
"Әкем түнде Асанбек деген кіші ініме әкем звондап, балам мен сендерді жақсы көремін, еліме қайтып бара жатырмын, еліме өзім ораламын, қазір звондадым, мені осы жерде алып кетеді деп айтыпты. Ал бұқаралық ақпарат құралдары ұстады деп жазып жатыр", - дейді Мырзақұлов.
Еске салсақ, 3 сәуір күні Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа іздеу жарияланды. Оған экс-полицейдің елден қашуы себеп болды. 23 наурызда Күдебаев қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өтіп, сол күні Бішкектен Стамбулға ұшып кеткен. Кеше, 27 сәуірде бас прокурор Берік Асылов генерал-майордың ұсталғанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
0