https://sputnik.kz/20230427/serik-kudebaev-ustaldy--bas-prokuror-34342308.html
Серік Күдебаев ұсталды – бас прокурор
Серік Күдебаев ұсталды – бас прокурор
Sputnik Қазақстан
Қырғыз шекарасы арқылы Түркияға қашқан Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев ұсталды. Ақпаратты бас прокурор Берік Асылов растады
2023-04-27T10:00+0500
2023-04-27T10:00+0500
2023-04-27T10:00+0500
қоғам
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/556/94/5569487_0:0:2992:1683_1920x0_80_0_0_0696ce875840d2e1a8e90fe768bafe12.jpg
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Қырғыз шекарасы арқылы Түркияға қашқан Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев ұсталды. Ақпаратты бас прокурор Берік Асылов растады.Әлеуметтік желіде Күдебаевтың Түркияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді.ҚХА сессиясының кулуарында бас прокурор Берік Асыловтың өзі журналистерге бұл ақпаратты растады.Оның айтуынша, Күдебаев Түркиядан жеткізілген.Еске салсақ, 3 сәуір күні Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа іздеу жарияланды. Оған экс-полицейдің елден қашуы себеп болды. 23 наурызда Күдебаев қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өтіп, сол күні Бішкектен Стамбулға ұшып кеткен.Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелге қашып кеткен Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев шекарадан ресми жұмыс істеп тұрған өткізу бекеттері арқылы өтпегенін мәлімдеді. Серік Күдебаевқа қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылды.Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаннан кейін Күдебаев сотқа баруды тоқтатты. Отырыс генералдың келмеуіне байланысты 5 рет кейінге шегерілді. Кейбір БАҚ Алматы полициясы экс-басшысының елден қашып кеткені туралы хабарлады. Бұған дейін Жетісу облысының соты сотталушының 3 сәуірге белгіленген келесі сот отырысына мәжбүрлі түрде жеткізілетінін хабарлаған болатын.
https://sputnik.kz/20230420/serik-kudebaev-tau-arqyly-qalay-qashqan-shekara-qyzmetinin-basshysy-34134692.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/556/94/5569487_1167:160:2992:1529_1920x0_80_0_0_c52d45226ba89466c632aea8d31c3093.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
серік күдебаев
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Қырғыз шекарасы арқылы Түркияға қашқан Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев ұсталды. Ақпаратты бас прокурор Берік Асылов растады.
Әлеуметтік желіде Күдебаевтың Түркияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді.
ҚХА сессиясының кулуарында бас прокурор Берік Асыловтың өзі журналистерге бұл ақпаратты растады.
Оның айтуынша, Күдебаев Түркиядан жеткізілген.
Еске салсақ, 3 сәуір күні Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа іздеу жарияланды. Оған экс-полицейдің елден қашуы себеп болды. 23 наурызда Күдебаев қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өтіп, сол күні Бішкектен Стамбулға ұшып кеткен.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелге қашып кеткен Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев шекарадан ресми жұмыс істеп тұрған өткізу бекеттері арқылы өтпегенін мәлімдеді. Серік Күдебаевқа қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылды.
Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаннан кейін Күдебаев сотқа баруды тоқтатты. Отырыс генералдың келмеуіне байланысты 5 рет кейінге шегерілді. Кейбір БАҚ Алматы полициясы экс-басшысының елден қашып кеткені туралы хабарлады. Бұған дейін Жетісу облысының соты сотталушының 3 сәуірге белгіленген келесі сот отырысына мәжбүрлі түрде жеткізілетінін хабарлаған болатын.