Серік Күдебаев тау арқылы қашып кетуі мүмкін - ҰҚК

© Sputnik / Жанна Етекбаева Серік Күдебаев
Серік Күдебаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 сәуір - Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - шекара қызметінің басшысы Ерлан Алдажұманов Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысының қашуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі болжамға сәйкес, қаңтар оқиғасы кезінде қызмет орнын тастап кеткені үшін айыпталған Серік Күдебаев тау арқылы алдымен Қырғызстанға қашқан. Сол жақтан Түркияға ұшып кеткен.
“Ол ресми шекара бекеттерінен өткен жоқ. Қазіргі жорамалға сәйкес, таумен шекарадан өтіп кетті. Сол жақта өзі туған ауыл бар, тауға жақын жерде шаруашылығы да бар. Өткізетін адамдар мен мүмкіндік бар”, - деді Алдажұманов сенатта өткен брифингте.
Оның айтуынша, қазіргі кезде тексеріс шаралары басталды. Арнайы топ тау жақта жүр.
“Іле Алатауда Қырғызстанмен арадағы шекара 672 шақырымға созылып отыр. Оны тексеріп шығу оңай шаруа емес. Қазіргі кезде бас прокуратура қылмыстық іс қозғады. Басқа ештеңе айта алмаймын. Бізде бөлек тексеріс жүргізіп жатырмыз”, - деп атап көрсетті Алдажұманов.
Шекара қызметі Қырғызстанға да сауал жолдады. Ол жақта да тергеу шаралары басталды. Бірақ әзірше Күдебаевқа қатысты нақты мәліметтер жарияланбай отыр.
Жаңалықтар
0